- •Авторы: жоғарғы санатты ұстаз
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері
- •1 Бейнелеме Субъективті тексеру әдісі
- •Объективтік тексеру әдістері
- •Науқасты қарау
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу
- •Рентгенологиялық тексеру әдістері
- •Электрокардиография
- •Фонокардиография
- •Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
- •Сканерлеу
- •Эндоскопиялық әдіс
- •5 Сурет. Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( с- сол жақ; о - оң жақ )
- •Бейнелеме Ішкі мүшелерді құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Спирография
- •Зертханалық тексеру әдістері
- •Зәрді зерттеу
- •Асқазан сөлін тексеру
- •Нәжісті зерттеу
- •Қақырықты зерттеу
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттердің жауаптары:
- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Бронх қабынуы (бронхит)
- •3 Бейнелеме Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Өкпе қабынуы (pneumonia)
- •Крупты пневмония (плевропневмония)
- •Ошақты пневмония (бронхопневмония)
- •Созылмалы өкпе қабынуы
- •Бронх демікпесі (asthma bronchiale)
- •Бейнелеме Бронх демікпесі ұстамасының клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесс)
- •Бронхоэктаздық ауру
- •Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
- •Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Өкпелік жүрек (cor pulmonale)
- •Жедел өкпелік жүрек
- •Созылмалы өкпелік жүрек
- •Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімі:
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •5 Бейнелеме Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастардың тексерісі
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
- •Жүрек маңайының ауырсынуы
- •Көгеру (цианоз)
- •Ревматизм
- •Ревматикалық перикардит
- •Миокардиттер (myocarditis)
- •Жүрек ақаулары Жүре пайда болған жүрек кемістіктері
- •Митралды қақпақша жеткіліксіздігі
- •Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)
- •Жүректің құрамды митралды ақауы
- •Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі
- •Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы
- •Жүректің құрамды қолқалық кемістігі
- •Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- •Оң жақ жүрекше – қарынша саңылауының тарылуы
- •Гипертониялық ауру
- •Атеросклероз
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, миокард инфарктісі (infarctus myocardus)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жедел жүрек жеткілісіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Бейнелеме Жүрек қыспасының клиникалық белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •7 Бейнелеме Өткір миокард инфарктісінде кездесетін белгілер және мейіркештің әрекеттері
- •8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері
- •10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Гастриттер
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Гепатиттер
- •Созылмалы гепатиттер
- •Бауыр циррозы
- •Бауырдың өлі еттенгеннен кейінгі циррозы
- •Порталды цирроз
- •Билиарлы цирроз
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •1 Кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою
- •Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
- •Іште ауырсынуы басылады;
- •4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру
- •5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері
- •Негізгі белгілері
- •Пиелонефрит
- •Өткір пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Өткір гломерулонефрит
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Бүйректің тас ауруы
- •Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •12 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілерімен және мейіркештің әрекеттері
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері
- •Тексеру әдістері
- •13 Бейнелеме Қан түзілу мушелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Қан аздық (анемия)
- •Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
- •Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)
- •(Аддисон-Бирмер, пернициоздық қан аздық)
- •Гипопластикалық қан аздық
- •Гемолитикалық қан аздық
- •Туа біткен гемолитикалық қан аздық
- •Жүре пайда болған гемолитикалық қан аздық
- •Гемобластоздар (haemoblastosis)
- •Ақ ноғана (лейкоз)
- •Жедел ақ ноғана
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Лимфогранулематоз
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Геморрагиялық васкулит
- •Гемофилия (haemophilia)
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •VIII – тарау
- •Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу
- •Дәрісінің бұзылуының аурулары
- •Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
- •Уытты жемсау (тиреотоксикоз)
- •Тиреотоксикоздық криздің емі Алғашқы 2 сағатта жүргізілетін ем:
- •2 Сағаттан кейін жүргізілетін ем:
- •Гипотиреоз (hypothyreosis)
- •Гипотиреоидтық команың емі
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •34 Сурет
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.
- •Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Ревматоид артриті
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
- •39 Сурет
- •40 Сурет
- •Дерматомиозит
- •Түйінді периартериит
- •Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларындағы тесттік тапсырмалар:
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Аллергоздар Өткір аллергоздар туралы түсінік
- •Есек жем
- •Квинке ісігі
- •Сары су ауруы
- •Анафилаксиялық шок
- •Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:
- •17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі
- •Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Жалпы бөлім
- •Арнайы бөлім
- •Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері...................................................................................... .29
- •Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына
Геморрагиялық васкулит
(vaskulitis heamorrhagica)
Геморрагиялық васкулитте ағзаның ұсақ тамырлары қабынып, олардың қабырғалары жұқарып геморрагиялық синдром байқалады.
Этиологиясы мен патогенезі.Көптеген себептердің әсерінен пайда болатын иммундық кешендер ұсақ тамырлардың қабырғасын ыдыратып, қан ағу белгісі білінеді. Әкеп соғатын себептерге ауыр жұқпалар, ағзаның улы заттармен зақымдануы, кейбір аллергиялық жағдайлар, індет, суық тию жатады. Осы себептердің әсерінен майда капиллярлар зақымдалады. Мысалы, аллерген әсерінен қарсы денелер пайда болып, олар тамырдың ішкі кілегей қабатында антиген-денеге қарсы ұйым құрады, ал бұл ұйым тамырдың қабыршағының жасушыларын жояды. Бұл жағдайда тері, бүйрек және басқа ішкі мүшелердің тамырлары зақымдалып, тромбоз және қансырау ұлғаяды. Оның нәтижесінде ісік пайда болып, қан айналымы нашарлап, тіндерде геморрагиялық өзгерістер туындайды.
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың негізгі төрт клиникалық түрі бар. Бірінші түрі – ең жиі кездесетін жәй түрі. Науқас әлсізденіп, дене қызуы көтеріледі. Аяқ – қолында, кеудесінде папулезді майда геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Бөртпе тері үстінде орналасады, саусақпен басқанда жойылып кетпейді. Екінші түрі – буын түрі. Науқастың денесінде неше түрлі геморрагиялық бөртпелер пайда болады. Сонымен қатар науқастың буындары ісініп, қызарып, ауырсыну білінеді. Ауырсыну көшпелі болып келеді. Негізінде ірі буындар зақымданып, соның салдарынан науқас жүре алмай қалады. Үшінші түрі – іш түрі. Науқастың денесінде бөртпелер байқалады, буындары зақымданады, бірақ аурудың негізгі клиникалық белгісі – іштің өте қатты ауыруы болып табылады. Іштің ауырғаны ұстама түрде өтеді. Ол ішек қабырғасына қан құйылудан болады. Науқас құсып, іші өтеді. Нәтижесінде құсықта және нәжісте қан білінеді. Дене қызуы 380 – 400 - қа дейін көтеріледі. Төртінші түрі – ең ауыр, шиеленіскен түрі. Дене қызуы 400 – қа дейін көтеріледі, бүкіл денесіне бөртпелер жайылады. Бөртпелер жараланып, өлі етке айналады. Науқастың буындары ісініп, қызарып қызметінен айырылады. Асқазаннан, ішектен қан кетуі мүмкін. Шетті қан анализінде қан аздық белгілері байқалады, ЭТЖ артады, лейкоциттердің мөлшері көбейеді, тромбоциттердің мөлшері өзгермейді.
Дерт анықтамасы. Сырқаттың клиникалық белгілеріне (геморрагиялық бөртпелер, буын, іш синдромы, осымен қоса дене қызуының көтерілуі) сүйене отырып диагноз қойылады. Бұл геморрагиялық диатездің түрінде қан ұюында және тромбоциттерде өзгерістер байқалмайды. Сондықтан тромбоциттердің саны, қан ағу ұзақтығы әдеттегідей қалады.
Емі. Қабыну дәрісін басу үшін глюкокортикоид гормонын қолданады. Клиникалық көріністердің дәрежесіне байланысты преднизолонның мөлшерін тағайындайды. Буын синдромында қабынуға қарсы стероидты емес дәрілерді (вольтарен, индометацин, бруфен) қолдану қажет. Қансырауды тоқтату үшін көк тамырға кальций хлор ерітіндісін енгізеді. Ұсақ тамырлардың қабырғаларының өткізгіш қасиетін қалпына келтіру үшін рутин, аскорбин қышқылын тағайындайды.
Гемофилия (haemophilia)
Гемофилия – геморрагиялық диатездердің бір түрі. Сырқаттың нәтижесінде қан ұю дәрісі бұзылып, қансырау дамиды. Бұл тұқым қуалайтын ауру. Тек қана ер адамдар ауырады.
Этиологиясы мен патогенезі. Сырқат хромосомдарда VIII, ІХ, ХІ мәнбірлердің жетіспеушілігінен пайда болады. Осыған байланысты қан ұю дәрісі бұзылып, геморрагиялар дамиды.
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың белгілері бала кезінен байқалады: тіс шыққанда, соғылғанда, құлағанда қан кетіп оңайлықпен тоқтамайды. Сырқаттың негізгі клиникалық белгісі - гематомалық түрі. Жиі буындар зақымданады, буындардың ішіне қан құйылып, пішіні өзгеріп, қозғалысы нашарлайды. Оны гемоартроз, яғни қанды буын деп атайды. Сонымен қатар бұлшық еттің ішіне де қан жиналады. Сырқаттың барлық түрінде өмірге қауыпті қансырағыштық болады. Ол неғұрлым ерте басталса, соғұрлым ауыр түрде өтеді. Гемофилияда кездесетін асқынуларға қансыраудан кейінгі қан аздық, гематоманың жұқпамен зақымдануы, іш мүшелерінің зақымдануы жатады. Шеттік қан анализінде қан аздық белгілері білінеді, қан ұю уақыты ұзарады.
Дерт анықтамасы. Науқастану сыртартқысына (жас кезінен білінеді, тұқым қуалаушылығы, ер адамның ғана сырқаттануы), ауруға тән қансырау белгілеріне (отадан кейінгі қан кету, гематомалардың дамуы, буындардың зақымдануы және қан ұю уақытының ұзаруы) сүйене отырып диагноз қойылады.
Емі. Емнің негізгі қағидасы VIII мәнбірі бар препараттарды (антигемофильдік сары су, VIIІ мәнбір қоюлығын, криопреципитат) құю. Ауыр жағдайларда қан құюға болады. Жергілікті қансырауда гемостатикалық сорғыш, тромбопластин қолданады. Буындар ауыр түрде зақымданғанда глюкокортикоид гормонын тағайындайды.
Алдын алу. Сырқаттың негізгі алдын алуы - жарақаттан сақтану болып табылады. Сонымен қатар сәуле емі, емдік дене шынықтыру қолданылады. Гемофилияның ауыр түрінде көк бауырды (спленэктомия) алып тастайды.
Бақылау сұрақтары
Геморрагиялық диатездер тобының ауруларына жалпы түсінік беріңіз.
Тромбоцитопениялық пурпураның негізіне не жатады?
Геморрагиялық васкулитке әкеліп соқтыратын себебін атаңыз.
Гемофилия сырқатына қысқаша сипаттама беріңіз.
“Қансырау синдромы” деген терминді қалай түсінесіз?
Сырқаттың әр түріне сәйкес клиникалық белгілерді атап шығыңыз.
Геморрагиялық диатездердің негізгі емдік қағидасы туралы түсінік.
