Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері

Асқазан және он екі елі ішек

1. Рентгенге түсіру.

2. Гастроскоп арқылы қарау.

3. Асқазан сөлін (жіңішке сүңгімен

сүңгілеу, сыныма тамақ) тексеру.

Ішек

1. Тоқ ішекке бояу зат жіберіп,

рентген арқылы қарау

(ирригоскопия)

2. Тік ішекті ректороманоскоп

құралымен қарау

(ректороманоскопия)

3. Тоқ ішекті колоноскоп құралымен

қарау (колоноскопия)

4.Нәжісті (макроскопиялық және

микроскопиялық , бактерияло-

гиялық флораға) тексеру

Бауыр, өт жолы, асқазан асты безі

1. Ультрадыбыспен тексеру

2. Өт қалтасына бояу зат жіберіп, рентген

арқылы қарау (холецистография)

3. Сканерлеу

4. Бауырдан пункция алу

5. Компьютерлік томография жүргізу

6.Дуоденалдық сүңгілеу (жіңішке сүңгімен

сүңігілеу АВС бөліктерін алу үшін)

7. Биохимиялық қан анализін (ақуыз

фракциясы, протромбин, фибриноген,

билирубин, сілтілік фосфотаза, трансаминаз,

амилаза, липаза) жүргізу



Мысалы, ішек қабыну ауруларында нәжістің құрамында сілекей, ірің болады, асқазан ойық жара ауруында нәжістің құрамында қан білінеді. Асқазан және ұлтабар сөлін тексере отырып, ас қорыту мүшелерінің сөл шығару қызметін бағалайды. Сөлдің түсіне, құрамына, иісіне, қоюлығына көңіл аудару керек. Асқазан ауруының түріне байланысты асқазан сөлінің қышқылдығы әртүрлі болып кездеседі.

Ас қорыту мүшелерінің ауруларында құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері міндетті түрде қолданылады. Іш қуысы мүшелерінің орналасуын рентген сәулесі, ультрадыбыспен, сканирлау әдісі арқылы анықтауға болады. Эндоскопия әдісі арқылы асқазан және ішектің ішкі кілегейлі қабатының жағдайын, қатпарлардың, шырышты қабаттардың бұзылысын, жараларды, ісіктерді анықтауға болады. Бояу заттарды қолдана отырып өт қалтасының өзгерістерін көруге болады (холецистография). Ішек жолдарын тексеру үшін ирригоскопия (тоқ ішекке бояу зат енгізіп, рентген сәулесімен қарау), колоноскопия (колоноскоп құралымен тоқ ішектің ішкі кілегей қабатын тексеру) әдістерін қолданады. Ас қорыту мүшелерінің қатерлі ісігін анықтау үшін тіннің гистологиялық тексерісін жүргізеді (биоптат алу).

Бақылау сұрақтары

  1. Ағзадағы ас қорыту мүшелерінің атқаратын қызметтерінің маңыздылық ерекшелігі.

  2. Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы басты клиникалық белгілерді атаңыз.

  3. Ас қорыту мүшелерінің ауруларының дерт анықтамасында қолданатын зертханалық және құрал жабдық аппарат арқылы қандай тексеріс түрлерін білесіз?