- •Авторы: жоғарғы санатты ұстаз
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері
- •1 Бейнелеме Субъективті тексеру әдісі
- •Объективтік тексеру әдістері
- •Науқасты қарау
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу
- •Рентгенологиялық тексеру әдістері
- •Электрокардиография
- •Фонокардиография
- •Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
- •Сканерлеу
- •Эндоскопиялық әдіс
- •5 Сурет. Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( с- сол жақ; о - оң жақ )
- •Бейнелеме Ішкі мүшелерді құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Спирография
- •Зертханалық тексеру әдістері
- •Зәрді зерттеу
- •Асқазан сөлін тексеру
- •Нәжісті зерттеу
- •Қақырықты зерттеу
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттердің жауаптары:
- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Бронх қабынуы (бронхит)
- •3 Бейнелеме Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Өкпе қабынуы (pneumonia)
- •Крупты пневмония (плевропневмония)
- •Ошақты пневмония (бронхопневмония)
- •Созылмалы өкпе қабынуы
- •Бронх демікпесі (asthma bronchiale)
- •Бейнелеме Бронх демікпесі ұстамасының клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесс)
- •Бронхоэктаздық ауру
- •Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
- •Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Өкпелік жүрек (cor pulmonale)
- •Жедел өкпелік жүрек
- •Созылмалы өкпелік жүрек
- •Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімі:
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •5 Бейнелеме Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастардың тексерісі
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
- •Жүрек маңайының ауырсынуы
- •Көгеру (цианоз)
- •Ревматизм
- •Ревматикалық перикардит
- •Миокардиттер (myocarditis)
- •Жүрек ақаулары Жүре пайда болған жүрек кемістіктері
- •Митралды қақпақша жеткіліксіздігі
- •Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)
- •Жүректің құрамды митралды ақауы
- •Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі
- •Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы
- •Жүректің құрамды қолқалық кемістігі
- •Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- •Оң жақ жүрекше – қарынша саңылауының тарылуы
- •Гипертониялық ауру
- •Атеросклероз
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, миокард инфарктісі (infarctus myocardus)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жедел жүрек жеткілісіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Бейнелеме Жүрек қыспасының клиникалық белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •7 Бейнелеме Өткір миокард инфарктісінде кездесетін белгілер және мейіркештің әрекеттері
- •8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері
- •10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Гастриттер
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Гепатиттер
- •Созылмалы гепатиттер
- •Бауыр циррозы
- •Бауырдың өлі еттенгеннен кейінгі циррозы
- •Порталды цирроз
- •Билиарлы цирроз
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •1 Кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою
- •Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
- •Іште ауырсынуы басылады;
- •4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру
- •5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері
- •Негізгі белгілері
- •Пиелонефрит
- •Өткір пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Өткір гломерулонефрит
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Бүйректің тас ауруы
- •Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •12 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілерімен және мейіркештің әрекеттері
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері
- •Тексеру әдістері
- •13 Бейнелеме Қан түзілу мушелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Қан аздық (анемия)
- •Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
- •Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)
- •(Аддисон-Бирмер, пернициоздық қан аздық)
- •Гипопластикалық қан аздық
- •Гемолитикалық қан аздық
- •Туа біткен гемолитикалық қан аздық
- •Жүре пайда болған гемолитикалық қан аздық
- •Гемобластоздар (haemoblastosis)
- •Ақ ноғана (лейкоз)
- •Жедел ақ ноғана
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Лимфогранулематоз
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Геморрагиялық васкулит
- •Гемофилия (haemophilia)
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •VIII – тарау
- •Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу
- •Дәрісінің бұзылуының аурулары
- •Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
- •Уытты жемсау (тиреотоксикоз)
- •Тиреотоксикоздық криздің емі Алғашқы 2 сағатта жүргізілетін ем:
- •2 Сағаттан кейін жүргізілетін ем:
- •Гипотиреоз (hypothyreosis)
- •Гипотиреоидтық команың емі
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •34 Сурет
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.
- •Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Ревматоид артриті
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
- •39 Сурет
- •40 Сурет
- •Дерматомиозит
- •Түйінді периартериит
- •Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларындағы тесттік тапсырмалар:
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Аллергоздар Өткір аллергоздар туралы түсінік
- •Есек жем
- •Квинке ісігі
- •Сары су ауруы
- •Анафилаксиялық шок
- •Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:
- •17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі
- •Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Жалпы бөлім
- •Арнайы бөлім
- •Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері...................................................................................... .29
- •Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына
Өт жолдарының дискинезиясы
Дискинезия дегеніміз - бұл өт қабы мен өт жолдарының тонусының жұмыс қызметінің бұзылысы. Өт бөлу жұйесінің 70% ауруын өт жолдарының дискинезиясын құрайды, бірақта өт жолдарының жүйелерін зерттеудің нақты функциональдық әдістері жеткіліксіз болғандықтан қазіргі кезде олардың нақты жиелігін анықтау қиын. Дискинезияның екі түрі бар: гипертоника – гиперкинетикалық - өт қабының гипертониялық жағдайына ОДДИ сфинктерінің гипертонусы қосылады. Екінші түрі – гипотона – гипокинетикалық түрі, өт қабы мен ОДДИ сфинктерінің гипотоникалық жағдайы сәйкес келеді. Өт жолдарының дискинезиясы ер адамдарға қарағанда әйелдерде жиі кездеседі, ал гипертоника-гиперкинетикалық дискинезия жастарда көбіне кездессе, гипотоника-гипокинетикалық астениктер мен жасы ұлғайған адамдарда жиі кездеседі.
Этиологиясы және патогенезі. Өт жолдарының дискинезиясының пайда болуы біріншіден нейрогуморальді қалыптастырудың бұзылумен байланысты. Олар невроздың жергілікті белгілерінің бірі болып табылады. Ішкі сөолденіс бездерінің бұзылысында, гипо және гипертериозды, климакста, жұмыртқа бездерінің бездерінің қызметі жеткіліксіздігінде, бүйрек үсті безі және де басқа да ішкі сөлденіс бездерінің бұзылысында байқадладаы. Өт жолдарының дискинезиясы, әсіресе гипертоно гиперкинетикалық түрі асқазан ойық жара ауруы, соқыр ішектің қабынуында, ішек ауруларында тағыда басқа ішкі мүшелердің ауруында пайда болуы мүмкін. Адамның осы ауруға бейімділігі, өмір сүру ерекшеліктері де маңызды орын алады. Тамақтану аралығының өте ұзақ болуы, дұрыс тамақтанбау, әртүрлі дикинезияларға әкеліп соқтырады.
Клиникалық көрінісі. Өт жолдарының гипертоника – гиперкинетикалық дискинезиясы оң жақ қабырға астывның ұстама түріндегі сыздап ауырсынуы немесе толғақ тәрізді ауруы болады, өт тасы ауруындағы ұстама шаншуына ұқсайды, бірақ аса күшті емес және спазмолитик дәрі-дәрмектердің көмегімен тез басылады. Ауырғанда адам қобалжып жүйке психикалық қозуы байқалады. Әйел адамдарда аурудың өршуі етеккір циклімен байланысты болуы мүмкін. Ауырсыну оң жақ жауырынға, оң жақ иыққа, кейде жүрек маңайына әсер етуі мүмкін. Тез терлегіштік сезімі, бозғылттану, лоқсу, кейде жүрегінің жиі соғуының білінуі мүмкі. Ауырсыну ұстамасының ұзақтылығы бірнеше минуттан бірнеше күнге созылуы мүмкін. Оң жақ қабырға астының қысып, сыздап ауруы апталап созылып, кейде күшейтіп, кейде басылғандай болады. Ауырсыну ұстамасы кезінде іш қатаймайды, өт қалтасы, өт қалта тұсы сипағанда аздаған ауырсынуды білдіреді. Сары ауру ұстамасы, дене қызуы көқтерілу серпілісі, лейкоцитоз және ЭТЖ көтерілуінен кейін әдетте байқалмайды. Өт жолдарының гипотоника – гипокинетикалық түрінде оң жақ қабырға асты ауырсынады. Бірақта бұл ауырсыну аса қатты емес, қысып тұған, кернеп тұрған, ұзақққа созылған ауырсыну. Сипалап қарағанда өт қабы маңында кей кезде аздаған ауырсыну пайда болады, кейбір іш қабырғасы босаңсыған науқастарда өт қабының созылып кеткенін сипалап білуге болады.
Дерт анықтамасы. Өт бөлу жүйелерінің мүшелік зақымдалу белгілері объективті түрде байқалмаса, науқастың осы сырқатқа тән шағымдары негізінде дискинезия диагнозын қоюға көмек береді. Өт жолдарынан біршнеше рет сөл алу ерекше маңызды роль атқарады: дикинезияның гипертонико-гиперкинетикалық түрінде екінші кезең (Одди сфинктері жабық тұрғанда) қалыптағыдай немесе уақыты созылуы мүмкін, төртінші кезең (өт қабының жиырылуы) қысқа, кейде кешігіп бітеді, өт қабы босаған кезде көбінесе науқастар оң жақ қабырға астының ауырсынуын сезеді. Дискинезияның гипотоника – гипокинетикалық түрінде екінші кезең болмауы да мүмкін, төртінше кезең созылады, өт қабының рекфлексін тек қана көп мөлшердегі тітіркендіргіш еңгізгеннен кейіе ғана байқауға болады. Өт должарының дискинезиясында анық түрдегі және көбінесе ауырсыну белгілерінің клиникалық көрінісінің әртүрлігіне қарамастан диспепсиялық құбылыстар, вегетативті бұзылыстар, объективті байқаулар аздап қана білінеді. Тек қана көбірек жасалған сүңгілеу, холецистография, сонымен қатар эхография көмегімен өт бөлу жүйелерінің ауруларын нақтылап қоюға болады.
Емі. Дұрыс тамақтану мен еңбекпен дем алысты дұрыс кезектестіру, орталық жүйке жүйесінің қызметін қалыптастыру ерекше орында тұрады. Жүйке жүйесін қалыптастыру үшін тыныштандыру, ұйықтататын дәрілерді тағайындауды қажет етеді. Гипертоника – гиперкинетикалық дискинезия түрінде 5 емдәмді қөолдану керек. Гипотоника – гипокинетикалық дискинезия түрінде Певзнер бойынша 3 немесе 5 емдәм, қоздыру әсері бар дәрілер, өт айдайтын дәрілер, емдік денешынықтыру және физио емдік тонусты жоғарылататын іс шаралар қолдануға кеңес етіледі. Қайталанып жасалған сүңгілеу, тюбаждар, минерализациясы жоғары минерал сулар қолданған жақсы нәтиже береді. Оларды суық немесе жылытылған күйде тамақтан 30, 60 минут бұрын 200 мл-ден күніне 2-3 рет ішу тағайындалады. Өт жолдарының дискинезиясы бар науқастарды отау әдісімен емдеу қажет емес.
Алдын алуы. Өт жолдарының дискинезиясын алдына алу үшін дұрыс тамақтану тәртібін қадағалдап, еңбек ету мен дием алуды қалыптастырып, жүйелі түрде дене шынықтырумен айналасып, күйзеліс жағдайларды болдырмау, дер кезінде жүйке жүйесінің бұзылыстарын емдек керек.
Созылмалы өт қабының қабынуы (холецистит)
Холецистит дегеніміз - өт қалтасының қабынуы. Оның жедел және созылмалы, калькулезды (өт қалтасында тастың пайда болуы), калькулезды емес түрлері бар. Сонымен қатар сілекейлі, іріңді, өлі еттенулі түрлері де кездеседі.
Этиологиясы. Негізінде жұқпа қоздырғыштардың әсерінен дамиды: ішек таяқшасы, стрептококк, стафилококктар. Әсер ететін мәнбірлерге өт жолдарының дискенизиясы жатады, себебі, өт жолдарының қозғалысы бұзылып, уақытында өт қалтасы босамай жұқпа дәрісі тез дамиды. Өттің тұрып қалуына құрт инвазиясы, жүктілікте өт жолдарының бұралып, қысылып қалуына әкеліп соғады. Сырқаттың дамуында дұрыс тамақтанбаудың да маңызы зор (көп мөлшерде майлы, жіті тағамдарды ішуі).
Клиникалық бейнесі. Ағымына байланысты үш клиникалық түрі болады: катаралдық (сілекейлі), флегманоздық (іріңді), гангреноздық(өлі еттену түрі). Сырқат толқынды түрде өтеді. Оң жақ қабырға асты сыздап ауырып, жағымсыз тағамдарды қолданғанда сырқаттың өту қарқыны ұлғая түседі. Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауру оң жақ жауырынға, оң қолға, оң жақ бұғанаға әсер етеді. Негізінде физикалық күш түскенде, адам күйзеліске ұшырағанда, суық тигенде, майлы, құсып, лоқсып, үлкен дәретінің бұзылуына әкеледі. Аузында әсіресе таңертең ащы дәм білінеді, науқас шамданғышты болады. Ауырғаны бірнеше сағаттан бірнеше күнге, кейде бірнеше аптаға созылады. Қарағанда, ішті сипалағанда оң жақ қабырға асты ауырсынады, бұлшық еттері жиырылған болып табылады. Созылмалы холециститте науқастың денесінде ошақты ашытып ауыратын аймақтар білінеді: оң жақ жауырынның асты, оң жақ қабырға асты және соның маңайындағы аймақтардың ауырсынуы басталады. Оны Захарьин – Гет ошақтары деп атайды. Оң жақтағы он екі қабырғаның үстінен тықылдатқанда – ауырсыну сезімі білінеді. Оны Ортнер белгісі деп атайды. Сырқаттың ұстамасында дене қызуы көтеріліп, өт аралас құсық болуы мүмкін. Сырқаттың ремиссия кезеңінде науқастың жағдайы оңалып, қауыпті түрге келеді. Жағымсыз мәмбірлердің әсерінен ауру қозып отырады. Кейбір жағдайларда холециститке ілеспелі бауыр, ұйқы безі қабынуы мүмкін.
Дерт анықтамасы. Жалпы қан анализінде ЭТЖ артады, лейкоцитоз байқалады. Ұлтабардың сөлін тексергенде түсі лайлы, құрамында шырышты бактериялар, эпителий торшалары, кейде құрт жұмыртқалары анықталады. Холецистографиялық тексеріс өт қалтасының көлемінің, пішінінің өзгергенін анықтайды.
22 сурет Созылмалы холециститтегі өт қалтасының деформациясы.Холецистограммалар.
Емі. 5 емдәм осы ауруда маңызды роль атқарады. Майлы, жіті , қуырылған тағамдар ішуге болмайды. Тамақ ішу мезгілі жиі, аз мөлшерде болуы тиіс. Қабыну дәрісін басу үшін өттің антибиотиктерге сезімталдығын анықтап алып жұқпа қоздырғыштарға қарсы дәрі – дәрмектерді тағайындайды: ампиокс, олеандомицин, эритромицин, фуразолидон, тетрациклин. Өт жолдарындағы тұрып қалған сөлді босату үшін өт айдайтын дәрілерді қолданады: 25% магний сульфат ерітіндісі, аллахол, лиобил, мексаза, фестал, холензин, холосас, холагон, әртүрлі қайнатпалар құмшай шөбі, жаңа ақжелкен. Өт өзектерін босату үшін спазмолитик дәрілерін тағайындайды: платифилин, папаверин, но – шпа, феникоберан. Қою өтті сұйылту үшін минералды сулар беру қажет (тамақ алдында 100 мл Ессентүк, Боржом т.б.). Жылы физио ем шараларын қолданған жөн.
Алдын алуы. Жұқпа ошақтарына уақытында сауықтыру шараларын жүргізу.
Бақылау сұрақтары
1. Өт қалтасының қабынуына әкеліп соқтырытын себептерді атап шығыңыз.
2. Сырқатқа тән белгілеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
3. Дерт анықтамасын жүргізгенде қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістерін қолданады?
4. Сырқаттың емдеуін өткізгендегі негізгі қағидаларын атаңыз.
5. Сізге таныс спазмолитик дәрілерін атап шығыңыз.
Өт - тас ауруы
Өт тас ауруы дегеніміз – ол өт қалтасында, өт өзектерінде тастың пайда болуымен сипатталатын ауру. Бұл ауру кең таралған, көбінесе әйелдер ауырады. Негізгі себептері зат алмасу дәрісінің бұзылуы болып табылады, әсіресе майлы, бояутек алмасулар; өттің құрамындағы өт қышқылдарының мөлшері азайып, холестерин мөлшерінің көбеюі. Әсер ететін мәнбірлерге семіздік, дұрыс тамақтанбау, өт қалтасының жиі қабынуы, өт жолдарының қозғалыс қызметінің бұзылуы, жүктілік, көбінесе Боткин ауруымен ауырып шыққаннан кейінгі себептер жатады. Өт тастарының түрлері билирубиндік, бояутек, холестериндік, аралас болып кездеседі. Тастардың сыртқы түрлері әртүрлі: дөңгелек, сопақша, көпбұрышты, сырты бұжыр немесе тегіс, жылтыр. Тастар сан жағынан жеке, оншақты, тіпті одан да асып ұшырасуы мүмкін. Олар өт жолында, кейде өт қалтасында және екеуінде бірдей кездесуі мүмкін.
Клиникалық бейнесі. Сырқаттың белгілері тастардың орналасу орнына, оның көлемі мен санына, құрамына байланысты және ілеспелі жұқпа, өт жолдарының қызметіне байланысты болып сипатталады. Егер тастар өт қалтасының түбінде жатса (“үнсіз аймақ”) сырқат белгісіз түрде өтеді. Күйзелістен кейін, майлы тамақ ішкеннен кейін, сілкілдеуге ұрынса, тас орнынан жылжып ауырсынуды тудырады. Ауру күрт басаталды. Оң жақ қабырға асты шаншып, тіліп, сұғып, қатты шыдатпай ауырады. Содан соң ауырсыну іштің бәріне таралады. Ауырған оң қолға, оң иыққа, оң бұғанаға, жауырын астына таралады. Ұстама кезінде науқас лоқсып, құсады, іші кебеді. Құсу жеңілдік әкелмейді. Рефлекторлы түрде үлкен және кіші дәреті кідіріп қалады. Ұстама бірнеше минуттан бірнеше сағатқа, бірнеше күнге созылуы мүмкін. Ұстаманың жиілігі әр науқаста әртүрлі түрде өтеді. Кейбіреуінде өмір бойында бір екі рет болуы мүмкін, ал кейбіреуіне жылына, айына бірнеше рет болуы мүмкін. Ұстама кезінде егер тас өт өзегін бекітіп тастаса өт 12 - елі ішектің ішіне түспей қанға таралып, теріні тітіркендіріп, қышыма белгісін тудырады (механикалық сарғаю). Нәжістің түсі түссіз, ал зәрдің түсі қоңыр түсті болады. Өт тұрып қалған жағдайда қабыну дәрісі дамып, дене қызуы көтеріліп, уыттану белгілері байқалады. Ұстама арасында науқастардың жағдайы оңалады, бірақ бауыр аймағында ауырсыну сезімі білінеді, осымен бірге ауыз қуысында ащы дәмнің болуы, лоқсу, іштің кебуі байқалады. Тексеріп беткей сипалау өткізгенде оң жақ қабырға асты ауырсынады, іш бұлшық етінің жирылғандығын және өт қалтасының көлемінің ұлғайғандығын сезуге болады. Ортнер, Френикус белгілері бұл ауруда оң нәтижелі болып табылады.
23 сурет Өт тас ауруының холецистограммалары.
Асқынулары. Тас өт қалтасының өзегінде тұрып қалған жағдайда өт қалтасының шеменіне әкелуі мүмкін немесе өт қалтасының шіруіне (эмпиемасына) әкеліп соғуы мүмкін.
Дерт анықтамасы. Жалпы қан анализінде ЭТЖ артады, лейкоцитоз білінеді. Ұлтабар сөлін тексергенде құрамында холестерин кристалдарын табуға мүмкіндік береді. Холецистография әдісімен, ультра дыбыспен зерттегенде, рентген сәулесі арқылы тексергенде бауыр, өт өзектерін, өт қалтасының пішінін, олардағы тастың орналасқан жерін көруге болады.
Емі. Ұстама кезінде ауруханаға жатқызу. Ұстаманың жеңіл түрінде ыстық ваннаны қолдануға болады. Ондағы судың жылылығы 36 – 400 С болуы керек. Жиырылуды басу үшін спазмолитик дәрілерін қолдану: но – шпа, папаверин, платифилин. Ұстаманың ауыр түрінде жансыздандыратын дәрі – дәрмек түрлерін қолдану: баралгин, новокаин мен бүйрек маңайын бөгеу. Бұл дәрілер әсер етпеген жағдайда наркотик дәрілерін қолданады. Ілеспелі холециститте, холангитте антибиотиктерді қолданған дұрыс: олететрин, левомицетин, канамицин. Егер осы шаралар нәтижесіз болса хирургиялық ем ретінде ота қолдану қажет. Қазыргі кезде өт қалтасындағы тастарды ота жасамай ақ лазер аппараттың көмегімен майдалап ұсату арқылы емдеу әдісі қолданылады. Бірақ ол кез – келген аурудың тасын майдалап шығара алмайды. Оған тастың үлкендігі, қызметтік қасиеттері белгілі бір тәртіпке жауап беруі керек. Өт жолындағы тастарды эндоскоп аппараты арқылы шығаруға да болады. Ұстама арасындағы ем: №5емдәм, жиі, аз мөлшерде тағамдарды қолдану. Емдік дене шынықтырулармен шұғылдану. Өт айдайтын дәрілерін қабылдау: аллахол, холензим, хологон. Сонымен қоса шөпті қайнатпалар мен тұнбаларды қолдану: құмшәй гүлдері. Тастарды ыдырататын дәрілерді қолдану: хенофалк, урсофалк. “Ессентүк”, “Сарыағаш” минералды суларын ішу. Курортты ем ұсынылады.
Бақылау сұрақтары
Өт-тас ауруына анықтама беріңіз.
Сырқаттың себептерін атаңыз.
Аурудың негізгі клиникалық бейнесіндегі белгілерін айтып шығыңыз.
Өт-тас ауруындағы кездесетін қандай асқыну түрлерін білесіз?
Сырқаттың дерт анықтамасын жүргізу үшін қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеріс түрлерін қолданады?
Сырқаттың емдік қағидасының негізі.
