Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері

    1. в)

    2. б)

    3. а) жалпы анализге; б) бактерияның өсіруіне;

в) Нечипоренко сынамасына; г) Зимницкий сынамасына; д) қант

анализіне қосымша жауаптары болуы мүмкін: диастазаға, Аддис –

Каковский тәсілімен;

4. а) жалпы іш қуысын рентгенге түсіру;

б) сканерлеу;

в) УДЗ –ге түсіру; г) экскреторлы урографияны өткізу және тағы да

басқа жауаптар болуы мүмкін: биопсия алу, цистоскопия жасау;

5. б)

6 . в)

7. зәрдің ауырсынып, жиі шығуы;

8. зәрдің көп мөлшерде шығуы;

9. зәрдің аз мөлшерде шығуы;

10. б)

11. б)

12. б)

13. а)

14. зәрде қанның білінуі.

15. бүйректің жұқпа – аллергиялық ауруы, бүйректің сыртқы қабатының

(нефрондардың) зақымдануымен сипатталынады, сол себептен

бүйректің сүзу жұмысының бұзылуына әкеліп соғады.

16. В-гемолитикалық стрептокок.

17. а) нефротикалық (ісіну) түрі; б) гипертониялық түрі (қан қысымының

жоғарылауымен сипататалатын түрі); в) зәрдің құрамының

өзгереруімен сипатталатын түрі; г) аралас түрі (айтылған белгілердің

барлығы кездеседі);

  1. 1 - б); 2 – а);

  2. б)

  3. бүйректің сүзу жұмысын анықтау үшін;

  4. а) белге жылытқыш қою; б) спазмолитит дәрілерін қолдану;

в) жансыздандыратын дәрілерді қолдану;

  1. в)

  2. бүйректің сүзу жұмысын;

  3. а) жеке бастың гигиенасын сақтау; б) төсек тәртібін, емдәмді сақтау; в) зәрді әртүрлі анализдерге жинай білу; г) қан қысымын өлшеу, демін санау;

  4. а) ауызынан мочевина иісінің шығуы; б) Куссмауль демінің білінуі; в) зәрдің шықпай қалуы (анурия)

VІІ – ТАРАУ

ҚАН ТҮЗІЛУ МҮШЕЛЕРІНІҢ АУРУЛАРЫ

Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына жалпы түсініктеме

Қан жүйелеріне қан түзуші мүшелер (қанды түзу және оны бұзып, жүзеге асыратын мүшелер) мен қан, қанның құрамдық бөліктері, сары су, және химиялық заттар жатады. Қан түйіршіктеріне эритроцит, лейкоцит, тромбоциттер жатады. Эритроциттер көректену қызметін атқарады, лейкоциттер иммун жүйесіне қатысты, яғни қорғаныш қызметін атқарады, ал тромбоциттер қан ұю дәрісіне қатысыды.Адам ағзасында қанның атқаратын ролі орасан маңызды. Онсыз адам өмір сүре алмайды. Қан ағзадағы заттар алмасу дәрісін реттейді.Сонымен қатар қан ағзадан зиянды заттар шығарып оны түрлі зиянды әсерлерден сақтайды және дене қызуын бірқалыпты реттеп отырады. Оттегін денеге тарату қызметін қанның гемоглобині басқарса, көмірқышқылды денеден шығаруды сарысу атқарады. Ішкен тамақтағы көректік заттар және гормондар қан арқылы әрбір мүшеге тарайды. Ағзаны түрлі аурудан қорғау қызметін ақ түйіршіктер атқарып, олар ауру жұқпаларын жойып отырады. Қан түйіршіктері өз міндеттерін атқарып біткен соң тамаққа барып қырылады да олардың орнын жілік мойында және лимфа бездерінде пайда болған жаңа түйіршіктер басады. Ал қанның ескірген сары сұйығы тері, бүйрек және ішек арқылы ағзадан сыртқа шығады. Қанды бояушы қызыл зат – гемоглобин қанның тыныстық пигменті. Гемоглобин оттегі мен кейбір газдарға қосылудан оңай ыдырайтын күрделі ақуызды қосынды. Негізгі қызметі – оттегін өкпеден тіндерге және тіндерден көмірқышқыл газын өкпеге жеткізу. Гемоглобин қанның қызыл түйіршік терінде болып, оған қызыл өң береді. Оттегін бай қанның түсі ашық қызыл (артерия қаны) болады. Артерия қаны тіндерге еніп құрамындағы оттегін тінге алмастырғаннан кейін оның түсі қоңыр тартады (көк тамыр қаны) Ағзадағы кез – келген патологиялық дәріске қан жағынан серпіліс беретіні белгілі. Тек қана басты өзгерістер қан жүйесінде ғана болатын аурулар бар. Көбінесе қан түзілу немесе қан бұзу дәрісі бұзылады, оның ішінде құрамдық бөліктерінің біреуі ( мысалы, эритроцит, лейкоцит, тромбоцит). Қан түзілудің қай бөлігі бұзылуына байланысты барлық аурулар шартты түрде келесі топтарға бөлінеді: қан аздық көбінесе қан құрамының бұзылуымен және шеттік қанда эритроцитпен гемоглобиннің санының азаюымен байланысты ауру; гемобластоздар – қан түзілуінің милеоидтық, лимфоидтық, эритроидтық немесе мегакариоцитарлы өсінділердің зақымдануы бар ісікті аурулар. Қан жүйелерінің ауруларында бір – бірімен белгілі бір дәрежеде байланысқан жалпы симптомдар кездесуі мүмкін.

Негізгі клиникалық белгілері

Көптеген симптомдар арнайы түрде емес болып табылады, олар аурумен байланысты және науқасты жекелеп қараған кезде білінеді. Мұндай жалпы симптомдарға науқастарды тікелей зерттегенде алынған көрсеткіштер мен науқастың шағымдары жатады: әлсіздік, тез шаршағыштық, ентігу, жүректің жиі қағуы. Қызба аса жоғары емесе немесе жоғары болуы мүмкін. Оның себебі - өткір немесе созыдмалы лейкоздарда лейкоциттердің көп мөлшерде ыдырауы. Лейкоциттердің ядросының құрамындағы пуринді заттардың көп мөлшерде босап, шығуы, пирогендік әсер көрсетеді. Қызба әсіресе өткір және соңғы кезеңдегі созылмалы гемобластарда пайда болуы мүмкін. Терінің қышынуы кейбір гемобластоздарда (эритемия, лимфагранулемотоз), тіптен науқастарды тікелей зерттегенде аурудың ешқандай нақты белгілері байқалмаса да (сүйек миы мен перифериялық қанда өзгерістер бар) байқалады.

Ұсақ бөртпе түріндегі жоғарылаған қан аққыштық, ірі қан аққыштық немесе қансырау (мұрын, жатырлық, асқазан – ішек, өкпе т.б.) қан жүйесінің ауруларында жиі байқалады. Ол қан ұю дәрісіне қатынасатын тромбоциттер құрамының төмендеуі әсерінен немесе ұсақ тамырлар қабырғасының зақымдануы нәтижесінің әсерінен болуы мүмкін.

Сол жақ қабырға астының ауруы ұйқы безінің ұлғаюы мен және оның қапшығының созылуына байланысты. Өткір түрде ауруы ұйқы безі тамырларының тромбозы нәтижесінде ұйқы безінде инфарктың дамуымен байланысты. Осы кейінгі жағдайға байланысты ұйқы безінің астында іштегі үйкеліс шуы естілуі мүмкін.

Тері мен көзге көрінетін кілегей қабаттың бозғылттығы перифериялық қандағы эритроциттер санының азаюымен түсіндіріледі. Терінің бозғылтығы ұсақ тамырлардың қысылуы немесе олардың терең орналасуы нәтижесінде болады. Сондықтан кілегей қабаттың түсіне көңіл аудару керек.

Терінің, шаштың және тырнақтың трофикалық өзгерістері: терінің құрғауы және шаштың түсуі, тырнақтың сынғыштығы ағзадағы құрамында темірі бар ферменттердің жеткілікісіздігімен байланысты. Бұл ферменттердің жеткіліксіздігі ағзада темір жетіспегеннен болады (темір гемоглобин молекулаларын құру үшін қолданылады). Сүйектердің ауруы гемобластоздарда сүйек миының гиперплазиясында пайда болады. Олар кенеттен болуы мүмкін немесе сүйекті ұрғылағанда пайда болуы мүмкін (күшеюі), өйткені оларда қан түзу орны болып табылатын қызыл сүйек майы орналасқан.