Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)

Қан аздықтың көптеген түрлерінің ішінде темір тапшылық анемиясы көп тараған. Темір тапшылық анемиясы қала мен ауыл тұрғындарында әсіресе жүкті әйелдерде, сонымен қатар жасөспірімдер мен балалар арасында көбейіп бара жатыр. Жастар арасында темір тапшылы анемиясы кеңінен таралуы олардың еңбектену қабілетіне әсер етіп, еңбек өңімділігін төмендетеді. Осындай жағдайда темір тапшылық анемияны дер кезіңде анықтап, емдеу шараларын жүргізу маңызды болып саналады. Адам ағзасында темірдің алатын орыны ерекше. Нақтылай айтсақ, гемоглабин тізілуін темір қамтамасыз етеді. Темір тапшылық анемияның негізінде ағзаға темірдің жеткіліксіздігі жатады. Сондықтан эритроциттегі гемоглобин мөлшері азаяды.

Этиологиясы. Темір тапшылық қан аздықтың негізгі себептерінің бірі – ағзаға тамақпен темір аз мөлшерде жеткізілуі (аштықта, сүт және өсімдік емдәм тәртібінде); қайталамалы қан кету жағдайларда темірдің көп жоғалуы (жатырдан қан кету, асқазаннан, ішектен қан кету, өкпеден қан кету); сонымен қатар осы қан аздықтың дамуына әкеліп соқтыратын себебіне темірдің көп шығындалуы да жатады – темір қорының үстемелі тұтынылуы (жүктілік, өсумен жыныстық жетілуі мезгілі, созылмалы жұқпа аурулар). Темір сіңу дәрісінің бұзылуы да темір тапшылық анемияға әкеледі (хирургиялық отадан кейін, асқорыту мүшелерінің аурулары, оның ішінде асқазан сырқаттары). Ағзадағы темірдің тасымалдау дәрісінің бұзылуына да көңіл аударған қажет.

Патогенезі. Темірдің тағаммен қабылдану мүмкіншілігі шектеліп, оның ағзадағы мөлшері жеткіліксіз болса да, тәуліктік мөлшері 2 мг- нан аспайды. Қанның қызыл түйіршіктерінің гемоглобинмен жеткіліксіз қанығуы олардың жетілуін кешетеді. Гемоглобиннің жеткіліксіздігі тіндердің гипоксиясына әкеліп соғады. Сонымен қатар темір тапшылығы тін ферменттерінің синтезін бұзып, тіндердің зат алмасуын өзгертеді.

Клиникалық бейнесі. Науқастан сұрастырған кезде келесі шағымдарды естіп, білуге болады: әлсіздік, тез шаршағыштық, ұйқышылдық, басының айналуы, жүректің жиі соғуы, күш түскенде ентігу, асқазан – ішектің бұзылыстардың ерекше белгілеріне дәм сезінудің, тәбеттің теріс өзгерістері. Науқас борға, балшыққа құмар болады. Кейде бензин, керосин, бояу заттарға әуес болады. Сырқаттың шағымдары әртүрлі болады, сонымен темір тапшылыққа себепші болған аурулар жайында деректер береді. Сырқаттың айқын көрініс жағдайларында ұлпа мен теріде трофикалық өзгерістер байқалады. Мысалы, тіл үрпішелерінің тегістелуі, терінің құрғақтанып, қабыршақтануы, тырнақтың сынғыштығы, шаштың құрғақтанып түсуі. Тері мен шырышты қабықтар әдетте бозғылт болады, көк бауырдың көлемі көбінесе өзгеріске ұшырамайды. Қанда гемоглобин және эритроцит мөлшері азаяды, бояғыш көрсеткіші төмендейді, пойкилоцитоз (эритроциттердің сынықтары), анизоцитоз (эритроциттердің көлемінің өзгеруі) және лейкопения байқалады. Қанды биохимиялық тексеріске зерттегенде темір мөлшерін азайғанын табады.

Емі. Емдәм бұл сырқаттың барлық жағдайларында да аса маңызды тағайындалған шара болып табылады. Тағамдардың құрамында ақуыз, темір жеткілікті түрде болуы тиіс (қызыл балық, жаңғақ, алма, сары өрік, бауыр, жұмыртқа және құрамында ақуызбен темірі бар тағам түрлері). Құрамында темір бар дәрі - дәрмектер темір тапшылық анемияның патогенездік емдеу тәсілі болып саналады. Темір тапшылық анемияның емі ішке қабылданатын темір дәрілерінен басталуы керек. Бұл сырқатта қолданылатын темір дәрілеріне жататындар: гемостимулин, ферроколь, феррумлек, ферроплекс. Темір дәрілерін тамаққа дейін қолдану қажет. Себебі, тамақпен бірге ішілген темір дәрілері өздерінің ағзаға сіңу қабілеттерін жоғалтады. Сонымен қатар темір дәрілерін шаймен бірге қолдануға болмайды өйткені, шайдың құрамындағы танин темір дәрілерімен қосылып асқазанда дұрыс сіңуіне кедергі жасайды, сондықтан темір дәрілерін көкеніс сусынымен немесе су мен бірге қолданған дұрыс. Темір дәрілерімен қатар аскорбин, фолий қышқылдарын қолдану, қанның құрамындағы темір жеткіліксіздігін біршама көмек ретінде реттеліп отыруына ықпал етеді. Темір тапшылық анемияның емі ұзақ уақытқа жоспарланған және қан анализінің берген нәтижесін қадағалап отыру, науқасқа көрсетіліп жатқан барлық ем, күтім шараларының тиімді көрсеткіш нәтижесін беруге кепілдік туғызады.

Алдын алуы. Темір тапшылығы анемиясымен науқастанатын адамдарды уақытында темір дәрілерімен емдеу көбіне нәтижелі болып келеді, ал сырқаттың қайталануына қарсы жүргізілетін тұрақты терапия аурудың асқынуының алдын алуға мүмкіндік береді.

В 12 - фолиев тапшылық қан аздық