- •Авторы: жоғарғы санатты ұстаз
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері
- •1 Бейнелеме Субъективті тексеру әдісі
- •Объективтік тексеру әдістері
- •Науқасты қарау
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу
- •Рентгенологиялық тексеру әдістері
- •Электрокардиография
- •Фонокардиография
- •Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
- •Сканерлеу
- •Эндоскопиялық әдіс
- •5 Сурет. Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( с- сол жақ; о - оң жақ )
- •Бейнелеме Ішкі мүшелерді құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Спирография
- •Зертханалық тексеру әдістері
- •Зәрді зерттеу
- •Асқазан сөлін тексеру
- •Нәжісті зерттеу
- •Қақырықты зерттеу
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттердің жауаптары:
- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Бронх қабынуы (бронхит)
- •3 Бейнелеме Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Өкпе қабынуы (pneumonia)
- •Крупты пневмония (плевропневмония)
- •Ошақты пневмония (бронхопневмония)
- •Созылмалы өкпе қабынуы
- •Бронх демікпесі (asthma bronchiale)
- •Бейнелеме Бронх демікпесі ұстамасының клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесс)
- •Бронхоэктаздық ауру
- •Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
- •Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Өкпелік жүрек (cor pulmonale)
- •Жедел өкпелік жүрек
- •Созылмалы өкпелік жүрек
- •Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімі:
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •5 Бейнелеме Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастардың тексерісі
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
- •Жүрек маңайының ауырсынуы
- •Көгеру (цианоз)
- •Ревматизм
- •Ревматикалық перикардит
- •Миокардиттер (myocarditis)
- •Жүрек ақаулары Жүре пайда болған жүрек кемістіктері
- •Митралды қақпақша жеткіліксіздігі
- •Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)
- •Жүректің құрамды митралды ақауы
- •Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі
- •Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы
- •Жүректің құрамды қолқалық кемістігі
- •Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- •Оң жақ жүрекше – қарынша саңылауының тарылуы
- •Гипертониялық ауру
- •Атеросклероз
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, миокард инфарктісі (infarctus myocardus)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жедел жүрек жеткілісіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Бейнелеме Жүрек қыспасының клиникалық белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •7 Бейнелеме Өткір миокард инфарктісінде кездесетін белгілер және мейіркештің әрекеттері
- •8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері
- •10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Гастриттер
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Гепатиттер
- •Созылмалы гепатиттер
- •Бауыр циррозы
- •Бауырдың өлі еттенгеннен кейінгі циррозы
- •Порталды цирроз
- •Билиарлы цирроз
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •1 Кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою
- •Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
- •Іште ауырсынуы басылады;
- •4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру
- •5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері
- •Негізгі белгілері
- •Пиелонефрит
- •Өткір пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Өткір гломерулонефрит
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Бүйректің тас ауруы
- •Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •12 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілерімен және мейіркештің әрекеттері
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері
- •Тексеру әдістері
- •13 Бейнелеме Қан түзілу мушелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Қан аздық (анемия)
- •Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
- •Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)
- •(Аддисон-Бирмер, пернициоздық қан аздық)
- •Гипопластикалық қан аздық
- •Гемолитикалық қан аздық
- •Туа біткен гемолитикалық қан аздық
- •Жүре пайда болған гемолитикалық қан аздық
- •Гемобластоздар (haemoblastosis)
- •Ақ ноғана (лейкоз)
- •Жедел ақ ноғана
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Лимфогранулематоз
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Геморрагиялық васкулит
- •Гемофилия (haemophilia)
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •VIII – тарау
- •Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу
- •Дәрісінің бұзылуының аурулары
- •Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
- •Уытты жемсау (тиреотоксикоз)
- •Тиреотоксикоздық криздің емі Алғашқы 2 сағатта жүргізілетін ем:
- •2 Сағаттан кейін жүргізілетін ем:
- •Гипотиреоз (hypothyreosis)
- •Гипотиреоидтық команың емі
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •34 Сурет
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.
- •Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Ревматоид артриті
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
- •39 Сурет
- •40 Сурет
- •Дерматомиозит
- •Түйінді периартериит
- •Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларындағы тесттік тапсырмалар:
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Аллергоздар Өткір аллергоздар туралы түсінік
- •Есек жем
- •Квинке ісігі
- •Сары су ауруы
- •Анафилаксиялық шок
- •Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:
- •17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі
- •Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Жалпы бөлім
- •Арнайы бөлім
- •Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері...................................................................................... .29
- •Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына
Бақылау сұрақтары
ЖИА, миокард инфарктісіне түсінік беріңіз.
Ауруға әкеліп соқтыратын себептердің тізімін айтып беріңіз.
Аурудың қандай клиникалық түрлері бар?
ЖИА, миокард инфарктісінің асқынуларына қысқаша сипаттама беріңіз.
Сырқаттың жедел кезеңінде көрсетілетін шұғыл жәрдем шараларын айтып шығыңыз.
Аурудың негізгі емдік қағидасын айтып беріңіз.
Аурудың болжамы туралы түсінік беріңіз.
Жедел жүрек жеткілісіздігі
Жүрек – тамыр жүйелерінің ауруларында жиі шұғыл медициналық көмек көрсетуді қажет етеді. Науқастың жанынан табылатын бірінші медицина қызметкер мейіркеш болып табылады. Көптеген жағдайларда дәрігерлік пунктың алыстығына байланысты, ол жалғыз медицина қызметкер болып табылады. Сондықтан да науқастың денсаулығы мен өміріне жауапты болып табылады. Оның білімі мен әр жағдайдағы іскерлігі, шұғыл жағдайларда дәл, нақты, дұрыс әрекет жасауы аурудың соңы мен науқастың өміріне әсер етеді. Аурухана мен емхананың мейіркеші жиі көмекті өз бетімен көрсетеді. Қарқынды терапия жүргізгенде де мейіркештің ролі зор, яғни науқастың өміріне қауіп туғызатын өмірге қажет аса маңызды ағзаның қызметінің бұзылыстарын емдеу және алдын алу шараларын жүргізу. Сондықтан мейіркеш науқастың жағдайын нақты, дәл, дұрыс бағалай алу керек, дер кезіңде көмек көрсете алуы керек, науқастың әрі қарайғы күтімін жүзеге асыру.
Жүрек астмасы. Жүрек жетіспеушілігі дегеніміз миокардтың жиырылу қызметінің әлсізденуі. Себептері миокардтың әлсізденуі. Жүрек астмасы тұншығуға әкелетін, кенеттен пайда болған демікпе ұстамасымен болатын, өткір пайда болатын сол жақ қарыншаның жетіспеушілігінің клиникалық көрінісі. Сондықтан кіші қан айналу шеңберінде қан тұрып, жиналып қалады және өкпеде газ адмасу дәрісі бұзылып, көмірқышқыл құрамы көбейіп, артериялды қанда оттегі деңгейі төмендейді. Мүшелерде, әсіресе орталық жүйке жүйесінде қан мен қамтамасыз етуі азаяды. Дем орталығының қозуы көбейіп, тұншығуға, демікпенің дамуына әкеледі. Өкпедегі қанның тұрып қалуы бронхының рефлекторлы түрде тарылып қалуына және оның саңылауларынан шырышты сұйықтықтың сыртқа шығуы, өкпе ісігіне әкеліп соқтырады. Жүрек астмасы гипертониялық ауруы бар, өткір миокард инфарктісі, кардиосклероз, миокардит, жүректің қолқа ақауы және митральды стенозы бар науқастарда бас миының қан айналымы бұзылғанда, бас миының қан айналысының жетіспеушілігі дем орталығына әсер етіп, кардиосклерозбен қосылып жүрек демікпесіне әкеледі. Жүрек демікпесінің ұстамасы әдетті түрде түнде ұйқы кезіңде дамиды. Науқас кенеттен ауаның жетіспеушілігінен (тұншығудан) және өлім қорқынышынан оянып кетеді. Тұншығу кей кезде қатты жөтелу мен сипатталады. Науқасқа оттегінің жетіспеушілігі соншалықты, дем алу үшін науқасты төсекке отыруға мәжбүрлеп, аяғын төмен қарай түсіріп немесе ашық тұрған терезеге барып қана дем ала алады (егер жағдайы осыған жетсе). Науқас төсекте отырған кезде кереуеттің екі жанынан ұсталып отырады. Ұстаманың алғашқы кезеңдерінде науқастың бетінен қорқыныш сезімін, көзінің үлкейгендігін, мазасыздықты көріп, байқауға болады. Тері және терінің шырышты қабаттарында ақшыл түс содан кейін көгеру пайда болады. Науқастан сонымен қатар қатты терлегенің, мойын көк тамырларының үлкейіп, шығып тұрғаның байқауға болады. Оттегінің жетіспеушлігі аралас мінездемелер мен сиаптталады. Созылмалы жөтелдің болуының әсерінен қақырық қан аралас болады. Тамыр соғуы жиі, кейде аритмиялық. Қан қысымы ұстаманың алғашқы кезіңде қалыпта болып, содан кейін күрт түсіп есенгіреуге дейін әкелуі мүмкін. Қан қысымының төмендеуінен қан тамырының қан мен толықсуы төмендеп, жүректің тонусы естілмейді. Дерт анықтамасын қоюға көмектесетін негіз ол тыныс алу мүшелеріндегі өзгерістер болып табылады. Демнің 1 минуттағы көрсеткіші 40 – 60 –қа дейін барады. Өкпенің төменгі жағында дымқыл сырылдар естіледі. Жүрек астмасының өту ағымы мен болжамы әртүрлі айырмашылықтармен сипатталады. Мұның себебі, жүрек астмасының бір ұстамасы кенеттен басталса, ал екінші ұстаманың бір түрі науқастың жүрек соғуының жиілеуі, оттегі жетіспеушілігінің жиілеуі, құрғақ жөтелдің болуы, жалпы жағдайының нашарлауымен сипатталады. Кейде ұстама біршама ұзақ уақытқа созылып, өкпенің ісінуіне, есенгіреуге, дем алу орталығының тежеліп, бұзылуына әкелуі мүмкін. Осы кезде яғни, жүрек астмасының ұстамасында дұрыс шұғыл жәрдем шараларын өткізу және емдік, күтім шараларын нақты түрде өткізе алу үшін жүрек астамасының ұстамасын бронхиалды демікпенің ұстамасынан айыра білу медицина қызметкеріне өте маңызды болып табылады.
Шұғыл жәрдем көрсету. Шұғыл жәрдем көрсету кезіңде маңызды шаралар: орталық дем алудағы қозуды азайту, кіші қан айналу жүйесіндегі қанның кідіріп қалуын азайту, миокардтың жиырылу қабілеттілігін көбейту. Науқасты толық немесе жартылай отырғызып, тыныштандырып, қысып тұрған киімдерін шешу, бөлмеге таза ауа жіберіп, ұзақ уақытқа созбай науқасқа оттегі ингаляциясын өткізу. Орталық дем алу жүйесінің қозуына қарсы тері асты арқылы морфин ерітіндісін немесе 1 мл 2% амнопон ерітіндісін егеді, ал тахикардия білінсе 1мл - 1% димедрол ерітіндісін супрастинмен немесе пипольфенмен бірге жібереді. Дәрігерге дейінгі көмек кезіңде қан айналысын жақсарту үшін және тамырдың тонусын нығайту ретінде 2мл кордиамин, 10% коразол және 2 –4 мл 20% камфор дәрілерін міндетті түрде енгізілуі тиіс. Келесі дәрігерге дейінгі шаралардың бір түрі өкпедегі қанның кідіріп, тұрып қалуына қарсы бағытталған. Қан қысымының қалыпты немесе жоғары кезіңде көк тамырлы ширақ салу немесе өкпедегі қанның кідірмеуіне қарсы аяққа жылы қыша ваннасын қолдануға болады. Қан қысымы көтерілген кезде дәрігердің тағайындауымен көк тамыр арқылы 2,4% эуфиллин 10мл, 10 – 15 мл натрий хлоридтің изотоникалық ерітіндісін және ганглиоблокаторларды қолданғаннан өте жақсы нәтижені көруге мүмкіндік туғызады. Орта білімді медицина қызметкері дәрігердің нұсқауы бойынша 10мл 25% магний сульфат ерітіндісін бұлшық етке, 8 –6 мл 0,5% дибазол ерітіндісін көк тамыр арқылы енгізеді. Мұнда айта кететін бір жай ол қан қысымының төмендеген кезіңде әсіресе, есенгіреу кезіңде қолданатын көк тамырлы ширақты салу, қан қысымын түсіру үшін тағайындалған дәрілер қарама – қарсы әсер ететінің естен шығармаған абзал. Жүрек бұлшық етінің жиырылу қабілеттін көтеру үшін шұғыл жәрдемдегі қолданатын міндетті түрдегі шара болып жүрек гликозидтерін қолдану. Шұғыл жәрдемді көрсету ұзақ уақытқа созылған жағдайда өкпенің ісінуінің дамуына және өлімге әкелуі мүмкін. Жүрек астмасының ұстама кезіңде науқастарға жиі строфантин 0,3 – 0,5 мл 0,05% ерітіндісін, немесе корглюкон 0,5 – 1,0мл 0,06% ерітіндісін 20 мл 40% глюкоза ерітіндісімен бірге немесе изотоникалық натрий хлоридтің ерітіндісін тағайындап көк тамырға енгізеді. Жоғарыда аталған дәрілердің терапиялық әсері шамамен 10 – 15 минуттан кейін басталады. Егерде дәрілердің әсері жеткіліксіз болса және өкпе ісігінің алғашқы белгілері біліне бастаса, онда оттегіні спирттпен, зәр шығаратын дәрілерді тез арада қолдану бастау керек. Жүрек астмасының ұстамасы ауыр кезеңде өтсе, онда науқасты жедел терапия бөліміне зембілге жартылай отырғызу арқылы ауруханаға жеткізеді. Егерде тез арада тиісті ауруханаға жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, онда науқасты үнемі қадағалап, бақылауға алу және сол жерде қолдан келетін барлық медициналық шараларды өткізуді ұйымдастырылады.
Өкпе ісінуі. Өкпе ісінуі деп өкпе тініне шырышты сұйықтықтың жиналып қалуын айтады. Бұл өкпе ісінуіне қатысты клиникалық сипаттамасы - ол ауыр түрдегі ұстамалы тұншығу және оның науқастың өміріне қауіп төндіруі болып табылады. Өкпе ісінуі жүрек астамасының әсерінен пайда болмай сондай – ақ аяқ астынан дамуы да мүмкін. Сонымен қатар өкпе ісінуі крупты пневмонияның әсерінен, кеуде және бас жарақатынан, бүйректің созылмалы ауруының әсерінен, ми қан айналысының өткір бұзылуынан, күрделі аллергиялық серпілістердің әсерінен, ауыр жұқпалы уыттану аурулардың және уытты өкпе ісінуінің әсерлерінен дамуы мүмкін. Өкпе ісінуінің патогенездік айырмашылықтарына қарамастан клиникалық көрінісі негізінде біртекті болып өтеді. Жүрек астмасының қарқынды ұстамасы науқастың қатты қиналып тұншығуына және ақшыл – қызыл түсті көп мөлшердегі көпіршік тәрізді қақырықтың бөлінуіне әкеліп соғады. Кейде науқас өз қақырығынан тұншығуы мүмкін. Өкпені тындаған кезде дымқыл сырылдар естіледі. Қан қысымының төмендеуі, қан тамырының толықсуының азаюы, тахикардия, жүректің тонусы әлсіз болады.
Шұғыл көмек. Ерте, уақытылы көрсетілген шұғыл көмектің нәтижесі соғұрлым тиімді, жағымды нәтижені көруге болады. Бұл кездегі мейіркештің басты мақсаты ол кардиологиялық топтан құрылған арнайы мамандырылған медицина қызметкерлерін шақыру болып табылады. Шұғыл көмек келесі мақсаттық шараларды өткізуге бағытталған:
тыныс алу жолдарын тазалап, қалпына келтіру;
тіндерге оттегінің жетіспеушілігіне қарсы оттегі қамтамасыз ету;
орталық тыныс алу жүйесінің қозуын азайту;
кіші қан шеңберлеріндегі қанның тұрып қалуын азайту үшін өткізілетін шаралар;
миокардтың жиырылу қабілетін жақсарту;
өкпедегі капиллярдың қабырғасының өткізгіштігін азайту.
Әуелі науқасқа тыныштықты туғызу, содан соң науқасты жылыту, жартылай қалыпта отырғызып марлі тампонымен ауыз қуысын тазалау. Бұдан кейін тыныс алу мүшелерінің өткізгіші қалпына келген соң, оттегі беруге көшеді. Көпіршіктің пайда болуына қарсы оттегіні 70 - 96% этил спиртімен дымқылдатып немесе антифомсилан арқылы жібереді. Тері астына 1мл - 1% морфин ерітіндісін димедролмен және атропинмен бірге жібереді. Өкпедегі қанның ұйып қалуына, қанның таралуына қарсы көк тамырлы ширақ салады. Көк тамыр арқылы жүрек гликозид дәрілерін енгізеді. Міндетті түрде зәр шығаратын және дегидратациялық (сусыздану) дәрілерді тағайындайды. Капиллярдың өткізгіш қабілетінің жоғарылауына қарсы антигистаминді дәрілерді, аскорбин қышқылын, кальций хлоридін және глюкокортикоидтық гормондарын қолданады. Өкпе ісінуінің клиникалық көрінісі білінісімен, науқасты жартылай қалыпта отырғызып ауруханаға тасымалдап, жандандыру бөлімшесіне немесе қарқынды терапия бөлімшесіне жатқызады.
