- •Авторы: жоғарғы санатты ұстаз
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері
- •1 Бейнелеме Субъективті тексеру әдісі
- •Объективтік тексеру әдістері
- •Науқасты қарау
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу
- •Рентгенологиялық тексеру әдістері
- •Электрокардиография
- •Фонокардиография
- •Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
- •Сканерлеу
- •Эндоскопиялық әдіс
- •5 Сурет. Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( с- сол жақ; о - оң жақ )
- •Бейнелеме Ішкі мүшелерді құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Спирография
- •Зертханалық тексеру әдістері
- •Зәрді зерттеу
- •Асқазан сөлін тексеру
- •Нәжісті зерттеу
- •Қақырықты зерттеу
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттердің жауаптары:
- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Бронх қабынуы (бронхит)
- •3 Бейнелеме Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Өкпе қабынуы (pneumonia)
- •Крупты пневмония (плевропневмония)
- •Ошақты пневмония (бронхопневмония)
- •Созылмалы өкпе қабынуы
- •Бронх демікпесі (asthma bronchiale)
- •Бейнелеме Бронх демікпесі ұстамасының клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесс)
- •Бронхоэктаздық ауру
- •Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
- •Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Өкпелік жүрек (cor pulmonale)
- •Жедел өкпелік жүрек
- •Созылмалы өкпелік жүрек
- •Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімі:
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •5 Бейнелеме Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастардың тексерісі
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
- •Жүрек маңайының ауырсынуы
- •Көгеру (цианоз)
- •Ревматизм
- •Ревматикалық перикардит
- •Миокардиттер (myocarditis)
- •Жүрек ақаулары Жүре пайда болған жүрек кемістіктері
- •Митралды қақпақша жеткіліксіздігі
- •Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)
- •Жүректің құрамды митралды ақауы
- •Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі
- •Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы
- •Жүректің құрамды қолқалық кемістігі
- •Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- •Оң жақ жүрекше – қарынша саңылауының тарылуы
- •Гипертониялық ауру
- •Атеросклероз
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, миокард инфарктісі (infarctus myocardus)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жедел жүрек жеткілісіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Бейнелеме Жүрек қыспасының клиникалық белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •7 Бейнелеме Өткір миокард инфарктісінде кездесетін белгілер және мейіркештің әрекеттері
- •8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері
- •10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Гастриттер
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Гепатиттер
- •Созылмалы гепатиттер
- •Бауыр циррозы
- •Бауырдың өлі еттенгеннен кейінгі циррозы
- •Порталды цирроз
- •Билиарлы цирроз
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •1 Кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою
- •Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
- •Іште ауырсынуы басылады;
- •4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру
- •5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері
- •Негізгі белгілері
- •Пиелонефрит
- •Өткір пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Өткір гломерулонефрит
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Бүйректің тас ауруы
- •Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •12 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілерімен және мейіркештің әрекеттері
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері
- •Тексеру әдістері
- •13 Бейнелеме Қан түзілу мушелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Қан аздық (анемия)
- •Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
- •Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)
- •(Аддисон-Бирмер, пернициоздық қан аздық)
- •Гипопластикалық қан аздық
- •Гемолитикалық қан аздық
- •Туа біткен гемолитикалық қан аздық
- •Жүре пайда болған гемолитикалық қан аздық
- •Гемобластоздар (haemoblastosis)
- •Ақ ноғана (лейкоз)
- •Жедел ақ ноғана
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Лимфогранулематоз
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Геморрагиялық васкулит
- •Гемофилия (haemophilia)
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •VIII – тарау
- •Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу
- •Дәрісінің бұзылуының аурулары
- •Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
- •Уытты жемсау (тиреотоксикоз)
- •Тиреотоксикоздық криздің емі Алғашқы 2 сағатта жүргізілетін ем:
- •2 Сағаттан кейін жүргізілетін ем:
- •Гипотиреоз (hypothyreosis)
- •Гипотиреоидтық команың емі
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •34 Сурет
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.
- •Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Ревматоид артриті
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
- •39 Сурет
- •40 Сурет
- •Дерматомиозит
- •Түйінді периартериит
- •Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларындағы тесттік тапсырмалар:
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Аллергоздар Өткір аллергоздар туралы түсінік
- •Есек жем
- •Квинке ісігі
- •Сары су ауруы
- •Анафилаксиялық шок
- •Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:
- •17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі
- •Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Жалпы бөлім
- •Арнайы бөлім
- •Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері...................................................................................... .29
- •Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына
Өкпе қабынуы (pneumonia)
Дем алу ағзаларының ішінде жедел өкпе қабынуы жиі кездеседі. Антибактериалды терапия арқасында бұрынғы өліммен салыстырғанда өкпенің қабынуынан қазіргі кездегі шетінеудің саны азайған. Бірақ сырқаттың емі мен күтімі дұрыс болмаған жағдайларда ауру асқынуларға әкеліп соқтырады.
Жедел пневмония - өкпенің жұқпалық қабыну сырқаты. Басқа ішкі ағзалар ауруларының ішінде алатын мағыналық мәнінің үлесі әжептәуір. Жиі ер адамдар, балалар, жасы келген қарт адамдар сырқаттанады. Дем алу қызметінің қорғаныш механизмінің бұзылуына және пневмонияға әкеліп соғатын келесі мәнбірлер қатары жатады: суық тию, бронхтың дренажды функциясының бұзылуы, вирустық жұқпалар, иммунитеттің төмендеуі, ішімдік, жарақаттар, гипоксия және т.б.
Этиологиясы. Себебі әр түрлі жұқпалар болып табылады. Олардың ішінен көбіне пневмококктар қоздырады. Оған стафилакокктар, стрептококктар, вирустарда себеп бола алады. Жедел пневмонияның дамуына химиялық және физикалық мәнбірлер де әсер етеді. Яғни бензин, тұрмыста, соғыста қолданатын улы заттарды айтып кетуге болады, жарақаттан, күйгеннен де дамуы мүмкін.
Патогенезі. Пневмонияның дамуы жұқпаның вируленттігіне және ағзаның қорғаныш қызметіне байланысты болып келеді. Қабыну дәрістің әсерінен альвеолар сусінділеп, газ алмасу дәрісі бұзылады. Сырқаттың ағым ауырлығы қабынудың көлеміне байланысты, неғұрлым қабыну аймағы улкен, соғұрлым сырқаттың жалпы жағдайы нашарлайды.
Круптық пневмонияның патологиялық морфологиялық көрінісі. Пневмонияның бұл түрінің сипатталу кезеңдері былайша жіктеледі:
Өкпе тініне қанның толу кезеңі. Өкпе тіні қанмен толып, тығызданып, дымқылданады (3 тәулікке дейін созылады);
Қызыл бауырлану кезеңі. Альвеолаларға эритроциттер шығып, өкпе бөлігі қызарады. Мерзімі 1-3 тәулікке созылады.
Сұр бауырлану кезеңі. Альвеолаларға лейкоциттер шығып, өкпе бөлігі сұрланады. Мерзімі 2 - 6 тәулікке созылады.
Айығу кезеңі. Альвеолалардағы фибрин талшықтары сіңіріліп жойылады. Біртіндеп өкпе тіні жұмсарады.
Жіктелуі. Өкпе қабынуының әкеліп соқтырған себептеріне, өту ағымына, клиникалық белгілеріне байланысты түрлері өте көп.
Қоздырғыштың түріне байланысты: бактериялық, вирустық, орнитоздық, микроплазмалық, аллергиялық, физикалық, химиялық түрде болып сипатталады.
Дәрістің жайылуына байланысты: ошақты (бронхопневмония) – бір бөлікшенің зақымдануы; крупты (плевропневмония ) – бір бөлігінің зақымдануы болып сипаталады.
Ошақтың жайылуына байланысты: кіші ошақты, ірі ошақты; бір жақты, екі жақты; жоғарғы бөлігінде, ортаңғы бөлігінде, төменгі бөлігінде орналасқан болып келеді.
Ағымына байланысты: жедел және созылмалы; жеңіл, орташа, ауыр түрлері кездеседі.
Крупты пневмония (плевропневмония)
Өкпенің тұтас бір бөлігі немесе сегменті қабынады және қасында жатқан өкпеқап қабыну дәрісіне бейім болуы мүмкін. Сондықтан бұл ауруды плевропневмония деп атайды. Сырқат күрт басталады, науқас өзінің сырқатын нақты қай уақыттан басталғанын айтып, сырқаттың мерзімі анықталынады. Дене қызуы 39 – 400 С дейін көтеріліп, науқас қатты дірілдеп, қалшылдайды. Кеудесі ауырсынып жөтелгенде және қатты дем алғанда ауырсыну күшейе түседі. Бұл сырқатта ентігу тез басталады, дем алу жиілігі 30 - 40 дейін барады. Сырқаттың бастапқы кезеңіңде жөтел құрғақ болып келеді. Ал 1-3 күннен кейін қақырық бөлініп шығады. Сырқаттың бастапқы кезеңіңде қақырықтың құрамы қан аралас болып келеді. («татты қақырық»). Бұл сырқаттың қызыл бауырлану кезеңіңде байқалатын көрініс. Содан соң қақырық шырышты түріне ауысады. Бұл сырқаттың сұр бауырлану кезеңі. Сырқаттың қабынған өкпе жағындағы бетінің ұшы қызарып, науқастың ауыз маңайының ұшына ұшық шығады. Науқастың дем алуы жиіленіп, кеудесінің зақымданған жағы өкпе бөлігінің сау жағынан тыныс алғанда қалыптан тыс кеміп отырады. Осының салдарынан өкпенің қозғалыс белсенділігінің кемуі байқалады. Тықылдатқанда қысқарған дыбыс естіледі. Науқасты тыңдағанда әлсіз везикулярлық дем байқалып, дымқыл сырылдар естіледі. Егер дәріс өкпеқапқа жайылса, өкпеқап аралығының үйкеліс шуылы естіледі. Кейіннен айығу кезеңінде сырылдар азайып, везикулярлық демге айналады. Орталық жүйке жүйесі бұзылғандықтан уыттану белгілері дамиды: бастың ауруы, қозу, тамаққа тәбетінің төмендеуі, үлкен дәретінің кідіріп қалуы. Кейде ас қорыту ағзаларының уыттанулық зақымдануынан терісі сарғыш болуы мүмкін. Бұл жағдайларда науқас сандырақтайды. Науқас ыңғайлы жағдай іздейді, ауырған жағына жатады. Рентген тексерісін жүргізгенде өкпенің қарайып тұрғаны білінеді (бір бөлігінің немесе сегментінің).
Қанда: лейкоцитоз, ЭТЖ артады, сиал қышқылдары, гаммаглобулиндер күрт көбейеді.
Асқынулары: өткір қан тамыр жетіспеушілігі (есенгіреу), эксудатты плеврит, өкпе іріңдеуі, жүрек қабатының қабынуы, миокардит, нефрит сияқты асқыну түрлеріне әкеледі.
