Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері

Мейіркеш, мейіркеш үдрісін нақты да дұрыс орындау керек. Мейіркеш үдрісі бес кезеңнен тұрады:

  • пациенттің жағдайын бағалау;

  • пациенттің мәселесін тауып, мейіркештік диагноз қою;

  • бар мәліметтер негізінде істейтін жұмысты жоспарлау;

  • жоспарланған жұмысты жүзеге асыру;

  • мейіркештік күтім нәтижелерін бағалау.

Пациентті емдеу және күтім жоспарымен таныстыру керек. Ол науқастан күдік немесе сенімсіздік тудырмау керек. Мүмкіндігінше науқасты белсенді түрде емдеу дәрісіне тарту керек, бірігіп жұмыс істеуге тырысу керек.

Пульмонология бөлімшесінде жұмыс істейтін мейіркеш дем алу ағзаларының ауруларындағы негізгі шағымдары мен симптомдарын білу керек, аурудың басталуы мен дамуын айыра білу керек, өкпе ауруларының емдеу принциптері мен алдын алуын, өкпе ауруымен ауыратын науқастарды күту мен бақылау ерекшеліктерін білу керек. Өкпе ауруларымен ауыратын адамдар жиі дем алу ағзаларының функцияларының бұзылыстарымен байланысты мәселелермен кездеседі. Олар ентігеді, жиі дем шығара алмай қиналады, құрғақ немесе іртүрлі қақырықты жөтел, жөтелгенде, түшкіргенде күшейетін кеуде қуысының ауруы, қан түкіру мазалайды. Сонымен қатар улану белгілері байқалады: әлсіздік, немқұрайлық, бастың ауруы, дене қызуының көтерілуі, тәбетінің төмендеуі және тағы басқа. Өкпенің іріңді ауруларымен ауыратын науқастарда көп мөлшерде жағымсыз иісті қақырық бөлінуі мүмкін, сол себепті өзін ыңғайсыз сезініп ұялуы мүмкін. Науқастар тітіркенгіш, қозғыш, қобалжығыш болады. Медбике науқастың жағдайын түсініп оған қажет көмек көрсету керек. Мейіркеш өткір дем жетіспеушілігінің белгілерін білу керек, науқаста ентігу пайда болып, мазасыз, көп сөйлегіш, қозғыш, көгеру дамиды. Ауыр жағдайда науқас біртіндеп есін жоғалтып комаға ауысады. Тахикардия, қан қысымы біресе көтеріліп, содан кейін төмендейтіні байқалады. Жиі науқастың мәселесі ентігуде немесе кеуде қуысында ауру пайда болғанда ауруды азайтатын ыңғайлы жағдайды білмеуі, тұншыңудағы өлім қорқынышы, ингалятормен және түкіргішті қолдана алмауымен байланысты сонымен қатар темекі тартудан бас тарта алмауы. Бар мәліметтерді пайдалана отырып, мейіркеш алдына қойған мақсаттарын жоспарлайды. Жұмыс жоспарын құра отырып, мейіркеш пациентпен бірігіп әрбір мәселенің мақсаттарымен нәтижесіне жету және мейіркештің сол іске араласу көлемін анықтайды. Жұмыстың мақсаты міндетті түрде тек қана нақты науқасқа ғана бағытталған болу керек. Науқасты күтудін жоспарын құрғанда пациент қандай нәтижеге жеткісі келетінін анықтап алу керек. Пациенттің мәселелерін шешуге бағытталған медбикенің қандай да бір араласуын жүзеге асыру алдында мейіркеш оларды науқасқа айтып беріп және оларды не үшін орындау керек екенін түсіндіру керек.

Тез арада орындалатын мақсаттар (тұншығуды басу, қан түкіруді азайту, құрғақ жөтелді басу, қақырық түсіруді жақсарту).

Болашақта орындалатын мақсаттар (пациент жөтелдің себебін біледі, позициялық дренаж жүргізе алады, шылым шегуін қояды және т.б.).

Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін мейіркеш келесі істерді атқарады:

Тәуелді мейіркештік араласулар. Дер кезінде дәрілік ем жүргізеді, ем жүргізіп, оның тиімділігін бағалап, дәрігерге дәрінің қосымша әсерлері туралы хабарлайды. Дәрігердің тағайындауы бойынша мейіркеш ентігуді азайтыа, қақырықтың бөлінуін жақсарту үшін оттегі беріп, бронхолитикті ингаляция жүргізеді.

Тәуелсіз мейіркештік араласулар. Бұл өмірге маңызды функцияларды өткізіп және медициналық құжаттарды толтырады. Мейіркеш науқастың жалпы жағдайымен төсектегі қалпын бақылап, тері қатпарларының түсін, дем алуын, жөтелін, қақырығын белгілейді, термометрия жүргізеді. Мейіркеш пайиентке ауруының дамуы барысы жайлы, клиникалық белгілері, емдеу принциптері мен болуы мүмкін асқынулары жайлы хабарлап тоыру керек. Мейіркеш әрбір аурулардағы күтім ерекшелігі жайлы білу керек. Мысалы, бронхоэктативті ауруы бар науқастың төсектегі жағдайы біршама ерекше, төсектің аяқ жағы 20 – 30 см – ге көтерілген болуы тиіс. Мұндай жағдай бронхоэктаздарда жиналған қақырықтың жақсы шығуына әсер етеді (бұны позициялық дренаж деп атайды). Оны мүмкіндігінше таңертең дем жаттығуларынан кейін және кешке ұйқының алдында 15 – 20 минут бойы жасау керек. Мейіркеш науқасқа қақырықтың дұрыс шығуы үшін жөтелу тәсіліне, тұншығу ұстамасы кезінде өзіне - өзі көмек беру әдістеріне, ингалятормен қолдану тәсілін үйрету керек. Өкпенің іріңді ауруларын күте жүріп, мейіркеш науқасты аузы жабылатын банкаға жиналуын үйрету керек, өйткені қақырықта патогенді микрофлора көп болады. Бір – бірімен байланысып жұмыс істеу мейіркештің науқасты физиотерапевтік емшараға дайындап, жүргізуге көмектеседі. Мейіркеш науқасқа бұл қол әрекеттерінің мақсатын түсіндіріп, оны жүзеге асыруға келісімін алу керек. Соңынан мейіркештің қатысуымен болған шаралардың нәтижелерін бағалайды. Егер алдыға қойған мақсатқа жетпесе немесе толық орындалмаған жағдайда, онда мейіркештің іс әрекетінің жоспары қайтадан құрылуы тиіс. Мейіркеш үдрісінің барлық кезеңдері құжатталу керек.