- •Авторы: жоғарғы санатты ұстаз
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері
- •1 Бейнелеме Субъективті тексеру әдісі
- •Объективтік тексеру әдістері
- •Науқасты қарау
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу
- •Рентгенологиялық тексеру әдістері
- •Электрокардиография
- •Фонокардиография
- •Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
- •Сканерлеу
- •Эндоскопиялық әдіс
- •5 Сурет. Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( с- сол жақ; о - оң жақ )
- •Бейнелеме Ішкі мүшелерді құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Спирография
- •Зертханалық тексеру әдістері
- •Зәрді зерттеу
- •Асқазан сөлін тексеру
- •Нәжісті зерттеу
- •Қақырықты зерттеу
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттердің жауаптары:
- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Бронх қабынуы (бронхит)
- •3 Бейнелеме Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Өкпе қабынуы (pneumonia)
- •Крупты пневмония (плевропневмония)
- •Ошақты пневмония (бронхопневмония)
- •Созылмалы өкпе қабынуы
- •Бронх демікпесі (asthma bronchiale)
- •Бейнелеме Бронх демікпесі ұстамасының клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесс)
- •Бронхоэктаздық ауру
- •Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
- •Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Өкпелік жүрек (cor pulmonale)
- •Жедел өкпелік жүрек
- •Созылмалы өкпелік жүрек
- •Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімі:
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •5 Бейнелеме Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастардың тексерісі
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
- •Жүрек маңайының ауырсынуы
- •Көгеру (цианоз)
- •Ревматизм
- •Ревматикалық перикардит
- •Миокардиттер (myocarditis)
- •Жүрек ақаулары Жүре пайда болған жүрек кемістіктері
- •Митралды қақпақша жеткіліксіздігі
- •Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)
- •Жүректің құрамды митралды ақауы
- •Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі
- •Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы
- •Жүректің құрамды қолқалық кемістігі
- •Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- •Оң жақ жүрекше – қарынша саңылауының тарылуы
- •Гипертониялық ауру
- •Атеросклероз
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, миокард инфарктісі (infarctus myocardus)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жедел жүрек жеткілісіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Бейнелеме Жүрек қыспасының клиникалық белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •7 Бейнелеме Өткір миокард инфарктісінде кездесетін белгілер және мейіркештің әрекеттері
- •8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері
- •10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Гастриттер
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Гепатиттер
- •Созылмалы гепатиттер
- •Бауыр циррозы
- •Бауырдың өлі еттенгеннен кейінгі циррозы
- •Порталды цирроз
- •Билиарлы цирроз
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •1 Кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою
- •Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
- •Іште ауырсынуы басылады;
- •4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру
- •5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері
- •Негізгі белгілері
- •Пиелонефрит
- •Өткір пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Өткір гломерулонефрит
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Бүйректің тас ауруы
- •Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •12 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілерімен және мейіркештің әрекеттері
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері
- •Тексеру әдістері
- •13 Бейнелеме Қан түзілу мушелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Қан аздық (анемия)
- •Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
- •Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)
- •(Аддисон-Бирмер, пернициоздық қан аздық)
- •Гипопластикалық қан аздық
- •Гемолитикалық қан аздық
- •Туа біткен гемолитикалық қан аздық
- •Жүре пайда болған гемолитикалық қан аздық
- •Гемобластоздар (haemoblastosis)
- •Ақ ноғана (лейкоз)
- •Жедел ақ ноғана
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Лимфогранулематоз
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Геморрагиялық васкулит
- •Гемофилия (haemophilia)
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •VIII – тарау
- •Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу
- •Дәрісінің бұзылуының аурулары
- •Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
- •Уытты жемсау (тиреотоксикоз)
- •Тиреотоксикоздық криздің емі Алғашқы 2 сағатта жүргізілетін ем:
- •2 Сағаттан кейін жүргізілетін ем:
- •Гипотиреоз (hypothyreosis)
- •Гипотиреоидтық команың емі
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •34 Сурет
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.
- •Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Ревматоид артриті
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
- •39 Сурет
- •40 Сурет
- •Дерматомиозит
- •Түйінді периартериит
- •Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларындағы тесттік тапсырмалар:
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Аллергоздар Өткір аллергоздар туралы түсінік
- •Есек жем
- •Квинке ісігі
- •Сары су ауруы
- •Анафилаксиялық шок
- •Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:
- •17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі
- •Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Жалпы бөлім
- •Арнайы бөлім
- •Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері...................................................................................... .29
- •Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына
Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
Асқазан қатерлі ісігі аса қауыпті аурудың бірі. Аурудың пайда болуы және асқыну себептері түпкілікті анықталмаған. Себебі белгісіз. Көбінесе ер адамдар ауырады.
Әсер ететін мәнбірлер: шылым шегу, дұрыс тамақтанбау, созылмалы ас қорыту ағзаларының аурулары, әсіресе оның ішінде асқазан қатпарларының семуі, сонымен бірге асқазан ойық жара ауруы малигнизацияға ұшырауы мүмкін және тұқым қуалайтын мәнбірлер. Сөйтіп,обыр алдында болатын ағзадағы өзгерістерге тоқталып өтсек олар – асқазанның кілегей қабатының созылмалы қабынуы; асқазан қышқылының өте төмендігі; асқазанның түйіншектері және жазылмайтын ойық жаралары.
Аурудың дамуы. Асқазан кілегейлі қабатының торшалары ретсіз бөлініп, жетілмеген торшалардан құралған ісік пайда болады. Ісік өсіп, көлемі үлкейіп, функционалды және органикалық өзгерістерге әкеледі. Асқазанның ішін бітеп немесе сыртқа өсіп ісік көрші ағзаларды зақымдайды.
Жіктелуі. Бірінші кезең: ісіктің көлемі 2 см - ден көп емес. Асқазанның кілегейлі қабатын ғана зақымдайды. Екінші кезең: ісіктің көлемі 4-5 см. Қасындағы бездер шошынады. Үшінші кезең: ісік кілегей, бұлшық ет, сірнелі қабаттардан өтіп, көрші ағзаларға аймақты лимфа бездеріне күшіктейді. Төртінші кезең: ісіктің көлемі әртүрлі. Ісік дененің бәріне жайылып, дененің лимфа бездері шошынып, метастаздар білінеді. Дамуына байланысты үш кезеңі бар: бастапқы кезеңі, нақты клиникасы байқалатын кезең, аурудың ақырғы кезеңі.
Клиникалық бейнесі. Бастапқы кезеңі білінбей біртіндеп басталады. Әлсізденеді және жүдей бастайды, тәбеті төмендейді, кейбір науқастар ет тағамдарын жақтырмайды, кейбір тағамдардың иісін көтере алмайды. Лоқсу, құсу, іші өту белгілері байқалады. Анық клиникасы білінетін кезеңде науқастың іші үздіксіз ауыра береді. Іші шыдатпай ауырады, дәрі - дәрмектер аз көмектеседі. Іштің ауырғаны тамақпен байланыссыз. Егер қою тағамдардың өтуі нашарлап, ауқаттану кезінде тырнағандай, күйгендей сезім пайда болса, бұл ісіктің асқазанның жоғарғы бөлігіне орналасқанының белгісі. Ал қатерлі ісік асқазанның орта шеніне орын тепкен жағдайда ауру біршама уақыт белгісіз түрде өтуі мүмкін. Тек астан соң немесе ашқарынға асқазан тұсы сыздап ауырады. Бұл асқазан қышқылының сақталуына байланысты. Қатерлі ісік асқазанның төменгі жағына орналасқан жағдайда, асқазан іші тарылып, ас қорыту нашарлайды. Аз ғана асқа тояттап және кекірік пайда болып науқас адам ішкен асын қайта құсып тастайды. Ауру адам әлсіреп, салмағы 10-20 кг-ға дейін азаяды. Қатерлі ісік ыдырай бастаған кезде науқас жиі құсып, құсығында қан байқалады (“кофе” тәрізді). Кейіннен науқастың дене қызуы көтеріліп, уыттану белгілері білінеді. Әлсіздік ұлғаяды. Науқас қатты жүдейді. Оны қатерлі ісік кахексиясы деп атайды. Қарағанда науқас жүдеу, терісі боз, тілі уылған, ішін сипалағанда эпигастрий маңайында бұлшық еттердің ширығуы, кейбір жағдайда қатайған, көрші ұлпамен жабысқан өспе байқалады. Соңғы кезеңінде ауырсыну бүкіл денеге сезіледі, метастаздардың бүкіл ағзаларға жайылуынан науқас қатты әлсізденеді. Тамақ ішкен сайын құсады, терісі құрғақ, боз, кахексия ұлғаяды.
19 сурет Асқазан қатерлі ісігінің рентгенограммасы.
Дерт анықтамасы. Сырқаттың бастапқы кезеңінде диагноз қою үшін үлкен мағынаға ие болған “кіші белгілер синдромына” көңіл бөлу қажет. Едәуір кешірек кезеңдерінде төс шеміршек асты аймағында ауысыну пайда болады және осы аймақта томпақтық қолға сезіледі.
Жалпы қан анализінде ЭТЖ артады, лейкоцитоз, анемия білінеді. Нәжісті жасырынды қанға тексергенде нәтижесі оң болып табылады. Асқазан сөлінің құрамында көбінесе қышқылы төмен болады. Аурудың дерт анықтамасында рентген сәулесі, гастроскопия, биопсия әдістері маңызды роль атқарады. Асқазанға контраст затты енгізіп, рентген сәулесімен тексергенде суретте толу кемістік белгісі (“ – “) байқалады. Гастраскоп арқылы ісіктің орналасуын көлемін, түрін байқауға болады. Осы жағдайда биопсия алынып ісіктің түрін айырады.
Емі. Бірнеше түрде ем жүргізу әдістерін қолданады. Симптомдық ем дәрі - дәрмектерді қолдану арқылы жүргізіледі: науқастың жағдайын жақсарту үшін және ауырсынуды басу үшін жансыздандыру дәрілерін қолданады (анальгин, баралгин, омнапон, морфин). Дене қызуы көтерілгенде аспирин, парацитамол қолданады. Уыттануға қарсы арнаулы ем жүргізіледі. Ол үшін көк тамырға 5% глюкоза, изотоникалық ертінділерді енгізеді. Тіндердің ретсіз өсуін тоқтату үшін цитостатик дәрілерін қолданады (фторурацил, фторафур). Сонымен қатар сәуле емін қолданады. Сырқаттың ерте кезінде науқасқа хирургиялық ем жүргізіледі. Ота арқылы асқазанды жартылай немесе түгел алып тастайды (аурудың кезеңіне байланысты).
Алдын алу шаралары. Нақты түрде асқазанының сөлі аз созылмалы гастритпен ауыратын науқастарды диспансерлік тіркеуге алып, жылына бір рет дәрігер қарап отыру керек (жалпы қан анализін, асқазан және он екі елі ішектің сөлін, нәжісті жасырынды қанға тексеріп, рентген сәулесіне түсіру). Сонымен қатар науқасқа алдын алу ретінде күнделікті дұрыс құнарлы тамақтануы, жағымсыз қылықтардан аулақ болуы, дұрыс тынығуы осы аурудың алдын алуындағы маңызды роль атқарады.
Бақылау сұрақтары
Сырқаттың этиологиялық патогенезін айтып беріңіз.
Сырқатқа тән белгілеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
Асқазан обырының басқа асқазан аурулар түрлерінен жалпы қандай айырмашылықтарына қарап ажыратуға болады?
Дерт анықтамасын жүргізгенде қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістерін қолданады?
Асқазан обырын емдеуін өткізгендегі негізгі қағидаларын атаңыз.
Мейіркештің педагогикалық аспектідегі жұмысы не болып табылады?
