- •Авторы: жоғарғы санатты ұстаз
- •Негізгі клиникалық тексеру әдістері
- •1 Бейнелеме Субъективті тексеру әдісі
- •Объективтік тексеру әдістері
- •Науқасты қарау
- •Пальпация
- •Перкуссия
- •Аускультация
- •Құрал – жабдық аппарат арқылы тексеру әдістері Артериялық қысымды өлшеу
- •Рентгенологиялық тексеру әдістері
- •Электрокардиография
- •Фонокардиография
- •Ультрадыбыспен зерттеу дерт анықтамасы
- •Сканерлеу
- •Эндоскопиялық әдіс
- •5 Сурет. Сау адамның бүйрегінің сканограммасы ( с- сол жақ; о - оң жақ )
- •Бейнелеме Ішкі мүшелерді құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Спирография
- •Зертханалық тексеру әдістері
- •Зәрді зерттеу
- •Асқазан сөлін тексеру
- •Нәжісті зерттеу
- •Қақырықты зерттеу
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тексеру әдістеріне арналған тесттердің жауаптары:
- •Тыныс алу мүшелерінің аурулары Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері Субъективтік тексеріс
- •Объективтік тексеріс
- •Зертханалық зерттеулер
- •Құрал - жабдық аппараттар арқылы зерттеу
- •Бронх қабынуы (бронхит)
- •3 Бейнелеме Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Жедел бронхит
- •Созылмалы бронхит
- •Өкпе қабынуы (pneumonia)
- •Крупты пневмония (плевропневмония)
- •Ошақты пневмония (бронхопневмония)
- •Созылмалы өкпе қабынуы
- •Бронх демікпесі (asthma bronchiale)
- •Бейнелеме Бронх демікпесі ұстамасының клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Өкпе іріңді аурулары
- •Өкпе іріңдігі (абсцесс)
- •Бронхоэктаздық ауру
- •Өкпе туберкулезі (tuberkulosis pulmonum)
- •Өкпе эмфиземасы (emphysema pulmonum)
- •Пневмосклероз
- •Өкпе обыры
- •Өкпелік жүрек (cor pulmonale)
- •Жедел өкпелік жүрек
- •Созылмалы өкпелік жүрек
- •Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)
- •Құрғақ плеврит
- •Эксудатты плеврит
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі і кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Тыныс алу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімі:
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің аурулары Жүрек қан тамыр жүйесінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •5 Бейнелеме Жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларымен ауыратын науқастардың тексерісі
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Жүрек ырғақтылығының бұзылуы
- •Жүрек маңайының ауырсынуы
- •Көгеру (цианоз)
- •Ревматизм
- •Ревматикалық перикардит
- •Миокардиттер (myocarditis)
- •Жүрек ақаулары Жүре пайда болған жүрек кемістіктері
- •Митралды қақпақша жеткіліксіздігі
- •Сол жақ атриовентрикулярлы тесіктің тарылуы (митралды стеноз)
- •Жүректің құрамды митралды ақауы
- •Қолқа қақпақшаларының жеткіліксіздігі
- •Қолқа саңылауының (сағасының) тарылуы
- •Жүректің құрамды қолқалық кемістігі
- •Үш жармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі
- •Оң жақ жүрекше – қарынша саңылауының тарылуы
- •Гипертониялық ауру
- •Атеросклероз
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, жүрек қыспасы (стенокардия)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жиа, миокард инфарктісі (infarctus myocardus)
- •Бақылау сұрақтары
- •Жедел жүрек жеткілісіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Бақылау сұрақтары
- •Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •6 Бейнелеме Жүрек қыспасының клиникалық белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •7 Бейнелеме Өткір миокард инфарктісінде кездесетін белгілер және мейіркештің әрекеттері
- •8 Бейнелеме Гипертониялық криздің белгілері және мейіркештің әрекеттері
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Іv кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?
- •Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Ас қорыту мүшелерінің аурулары Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық - физиологиялық ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •9 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларымен ауыратын науқастарды тексеру әдістері
- •10 Бейнелеме Ас қорыту ағзаларының ауруларының зертханалық және құрал – жабдық аппараты арқылы тексеру әдістері
- •Гастриттер
- •Жедел гастрит
- •Созылмалы гастрит
- •Асқазанның және ұлтабардың ойық жара ауруы
- •Асқазаннан қан кету
- •Көрші жатқан ағзаға жабысып тесілу (пенетрация)
- •Қақпаның қатаюы
- •Қатерлі ісікке ауысу
- •Асқазан қатерлі ісігі (обыры)
- •Бауыр және өт жолдарының аурулары Бауырдың анатомиялық – физиологиялық ерекшеліктері
- •Негізгі белгілері
- •Тексеру әдістері
- •Гепатиттер
- •Созылмалы гепатиттер
- •Бауыр циррозы
- •Бауырдың өлі еттенгеннен кейінгі циррозы
- •Порталды цирроз
- •Билиарлы цирроз
- •Өт жолдарының дискинезиясы
- •Панкреатиттер
- •Созылмалы панкреатит
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •1 Кезең. Пациенттің мәселелерін табу.
- •2 Кезең. Мейіркеш диагнозын қою
- •Қысқа уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:
- •Іште ауырсынуы басылады;
- •4Кезең. Жоспарлаған жұмысты жүзеге асыру
- •5Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ас қорыту мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының аурулары Бүйрек және зәр шығару жолдарының анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері
- •Тексеру әдістері
- •11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері
- •Негізгі белгілері
- •Пиелонефрит
- •Өткір пиелонефрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Өткір гломерулонефрит
- •Созылмалы гломерулонефрит
- •Бүйректің тас ауруы
- •Бүйрек жеткіліксіздігі Өткір бүйрек жеткіліксіздігі
- •Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •12 Бейнелеме Бүйрек шаншу ұстамасының негізгі белгілерімен және мейіркештің әрекеттері
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптарының тізімдері
- •Тексеру әдістері
- •13 Бейнелеме Қан түзілу мушелерінің ауруларындағы тексеру әдістері
- •Бақылау сұрақтары
- •Қан аздық (анемия)
- •Жедел постгеморрагиялық қан аздық (қансыраудан кейінгі қан аздық)
- •Темір тапшылықты қан аздық (anemia sideropenica)
- •(Аддисон-Бирмер, пернициоздық қан аздық)
- •Гипопластикалық қан аздық
- •Гемолитикалық қан аздық
- •Туа біткен гемолитикалық қан аздық
- •Жүре пайда болған гемолитикалық қан аздық
- •Гемобластоздар (haemoblastosis)
- •Ақ ноғана (лейкоз)
- •Жедел ақ ноғана
- •Созылмалы миелолейкоз
- •Созылмалы лимфолейкоз
- •Лимфогранулематоз
- •Геморрагиялық диатездер
- •Тромбоцитопениялық пурпуралар
- •Геморрагиялық васкулит
- •Гемофилия (haemophilia)
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •IV кезең Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •V кезең Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Қан түзілу мүшелерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •VIII – тарау
- •Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу
- •Дәрісінің бұзылуының аурулары
- •Ішкі сөлденіс бездерінің анатомиясы мен физиологиясы
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Тексеру әдістері
- •14 Бейнелеме Ішкі сөлденіс бездері ауруларындағы тексеру әдістері
- •Уытты жемсау (тиреотоксикоз)
- •Тиреотоксикоздық криздің емі Алғашқы 2 сағатта жүргізілетін ем:
- •2 Сағаттан кейін жүргізілетін ем:
- •Гипотиреоз (hypothyreosis)
- •Гипотиреоидтық команың емі
- •Эндемиялық жемсау
- •Қант сусамыры
- •15 Бейнелеме Диабеттік команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •16 Бейнелеме Гипогликемиялық команың белгілері және мейіркеш әрекеттері
- •34 Сурет
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісін ұйымдастыру ерекшеліктері
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалар:
- •Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары.
- •Тірек – қимыл аппаратының аурулары Буын аурулары туралы түсінік
- •Негізгі клиникалық белгілері
- •Ревматоид артриті
- •Бақылау сұрақтары
- •Дәнекер тіннің диффузды аурулары (дтда)
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Бақылау сұрақтары
- •Жүйелі терінің қатаюы (склеродермия)
- •39 Сурет
- •40 Сурет
- •Дерматомиозит
- •Түйінді периартериит
- •Тірек - қимыл аппаратының ауруларындағы мейіркеш үдрісі
- •V кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларындағы тесттік тапсырмалар:
- •Тірек – қимыл аппаратының ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Аллергоздар Өткір аллергоздар туралы түсінік
- •Есек жем
- •Квинке ісігі
- •Сары су ауруы
- •Анафилаксиялық шок
- •Анафилаксиялық шоктағы медициналық жұмыскердің тактикасы:
- •17 Бейнелеме Анафилаксиялық шоктың клиникасы және мейіркештің тактикасы
- •Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі
- •Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.
- •Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:
- •Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары
- •Жалпы бөлім
- •Арнайы бөлім
- •Тыныс алу мүшелерінің анатомиялық- физиологиялық ерекшеліктері...................................................................................... .29
- •Қан және қан түзуші мүшелердің ауруларына
Көгеру (цианоз)
Еріннің, мұрын ұшының, аяқ пен қолдың саусақтарының көкшіл түсті болуы цианоз деп аталады. Әдетте цианоз ісіктен бұрын пайда болады және жүрек жетіспеушілігіне тән. Көкшіл түске боялу құрамында көп мөлшерде тотықсызданған гемоглобині бар қанның тері саңылаулары арқылы шығуы деп түсіндіріледі. Қалыпты жағдайға қарағанда тіндер гемоглобиннің оттегіні көп мөлшерде даму себебіне тотықсызданған гемоглобин көбейеді, бұл дәріске жүректің жиырылу қызметінің төмендеуі әсерінен капиллярлардағы қан ағымының азаюы да әсер етеді.
Бақылау сұрақтары
Ағзадағы жүрек – қан тамыр жүйесінің атқаратын қызметінің басты маңыздылық ерекшелігі.
Аталған тақырыпта кездесетін негізгі клиникалық белгілеріне қысқаша сипаттама беріңіз.
Артериялдық қан қысымының қандай түрлері бар?
Жүрек – қан тамыр жүйесінің сырқаттарының дерт анықтамасында қандай зертханалық және құрал – жабдық аппарат тексеріс түрлерін қолданады?
Ревматизм
Ревматизм - жұқпалы - аллергиялық ауру. «Реумус» деген сөз –«жайылу», «ағылу» деген сөз. Ағзалардың бәрі дәнекер тінінен құралады. Дәнекер тініне коллаген талшықтары кіреді. Ревматизмде дәнекер тіні зақымданады: жүрек, тамырлар, буындар, көз, жүйке жүйесі, тері және т. б. Негізінде ревматизм мен көбінесе жастар ауырады. 1835 жылы Буйо және Сокольский ревматизмде буындардан басқа тамырлар және жүректе зақымданады деп жазып шықты. Ғалымдар: Нестеров, Стражеско, Насонова, Кончаловский көп жұмыс істеді. Бұл мәселелік сырқат. 7 – 15 жас арасында жиі кездеседі, содан соң қайталанып отырады, мүгедектікке әкеп соғуы мүмкін.
Этиологиясы: B – гемолитикалық стрептококк қоздырады. 60 – 80% баспа, фарингит, скарлатина, қан құрт аурулары. Бірақта стрептококтың ғана әсері аз. Бұл адамның қорғаныш қызметінің төмендеуіне де байланысты (иммундық жүйенің әлсіздігі). Зор рольді тұқым қуалаушылық да ойнайды.
Әсер ететін мәнбірлер: суық тию, ағзалардағы жұқпа ошақтары қауіпті болады. ІІ- А, ІІІ – Б топ қандары бар адамдар жиі ауырады. (генде алты хромосомды антиген сәйкестігіне байланысты).
Патогенезі: денеге түскен стрептококк қанмен бірге бүкіл денеге жайылады. Бұлшық етке еніп, оны зақымдайды. Зақымданған торшалар денеден бөлініп қанға шығады. Олар аутоантигендер болып саналады. Бұларға қарсы аутоантиденелар шығады. Антидене антигенмен байланысып кешен құрады. Осы кешендер тамырлардың қабырғаларына жабысып оларды зақымдайды, сөйтіп қабыну дәрісі басталады. Бұл дәріс бара - бара ұлғая береді, сөйтіп аутоагрессия басталып тоқтамайды.
Патоморфологиялық өзгерістері: 1904 жылы ревматикалық гранулемдерді Ашов ғалымы жазып шықты. 1924 жылы Талалаев ревматизм 3 кезеңнен өтеді деп тереңірек зерттеді.
І – кезең - эксудативтік. Ісіну, қабыну кезеңі, 2 – 3 аптаға созылады. Ет талшықтары ісініп жуандайды.
ІІ – кезең - пролиферативтік. Фибрин талшықтары пайда болады. Қандағы фибриндер коллаген талшықтарына жабысып, оны ыдыратады.
ІІІ – кезең - склеротикалық. Гранулемдер ұзыңдап, өзгеріп, қатая бастайды. Сөйтіп склерозға әкеліп соғады, яғни қабыну болған жерде пайда болып бітеді.
Жіктелуі. Дамуына байланысты белсенді кезеңі (күшею кезеңі), белсенді емес кезеңі болады.
Белсенді кезеңі үш түрмен өтеді:
Алғашқы қабыну ғана байқалады.
Жүрек зақымданып, жүрек ақаулары пайда болады.
Жүректе өзгеріс болмауы мүмкін, бірақ басқа жүйелер зақымданып жатқан болар.
Белсенді кезеңі үш дәрежеде байқалады:
І – дәреже, минималдық. Клиникалық белгілер өте аз байқалады, тіндерге қабыну дәрісінің эксудативтік компоненттері жоқ.
ІІ – дәреже, орташа. Ревматизм белгілері орнынды. Қызба өте жоғары емес. Зақымданған ағзаларда қабыну дәрісінің эксудативті компоненті анық емес. Ревматизмнің белсенділік көрсеткіштері орташа.
ІІІ – дәреже, максималдық. Ревматизмнің бүкіл белгілері анық білінеді (клиникалық, зертханалық)
Ревматизм ағымына қарай келесі түрлерге бөлінеді:
Жедел түрі – 3 айға дейін созылады.
Жеделдеп өтетін түрі – 6 айға дейін созылады.
Созылмалы түрі – 6 айдан асып, қалыпты өтеді.
Үздіксіз қайталанып отыратын түрі (сырқаттың белгілері үстін-үстін қозып отырады)
Латенттік (жасырын) түрі. Сырқаттың белгілері білінбей қиындықпен сезіледі.
Зақымдануына байланысты ревматизм келесі клиникалық түрлерге бөлінеді: жүрек түрі; буын түрі; висцералдық түрі (іш ағзаларының зақымдануы); тері түрі (түйінді эритема); орталық жүйке жүйесінің зақымдануы (кіші хорея).
Ревматизмде осы айтылған ағзалардың бәрі зақымдалынады, бірақ олардың ішінде бір жиі ерекше зақымдалынғаны айқын білінеді. Сырқаттың ұзақтығы түріне байланысты. Ағымы 6 айға дейін созылуы мүмкін. Пациенттің сырқаттануы жүректің зақымдануына байланысты. Ревматизмде жүректің ішкі қабаты қабынса оны эндокардит деп атайды. Бұнда жүректің қақпақшалары қисайып, тартылып қалады. Сөйтіп, жүрек ақауларына әкеп соғады. Жүректің ортаңғы ет қабаты қабынса оны миокардит деп атайды. Бұнда жүректің жиырылу жұмысы бұзылып, ырғақтылығы өзгереді. Ал егер сыртқы қабаты қабынса, оны перикардит деп атайды. Бұнда перикардтың екі қабатының арасына сары су жиналып, жүректі қысып тастайды. Егер эндокардпен миокард қабынса, оны ревмокардит деп атайды. Егер жүректің бірдей үш қабаты қабынса, оны панкардит деп атайды («пан » - бүкіл деген сөз).
Клиникалық бейнесі. Баспадан кейін (немесе басқа жұқпа аурудан соң) екі үш апта өтіп ревматизм дамиды. Уыттану белгілері білінеді: пациенттің жағдайы нашарлайды, дене қызуы көтеріледі, басы ауырады, әлсізденеді, шаршағыш келеді, жұмысқа деген қабілеті төмендейді. Бірнеше уақыттан соң жүрек маңайы шаншып ауырады. 96 – 100% жүрек бұлшық еті зақымданады. Зақымдану екі түрде байқалады: ошақты және диффуздық түрде. Жүрек соғуы жиілейді, жүректің көлемі сол жаққа ұлғаяды (перкуссияда). Аускультацияда: бірінші дыбыс бәсен естіледі, нәзік систолдық шу байқалады. Екінші дыбыс акцент білдіреді (күшейеді). Буындар ісінеді, қызарады, қозғалуы қиындайды. Ревматизмде буын қабыну дәрісінің ерекшеліктері: көбінесе қос буындар зақымдалынады (екі иық, екі шынтақ, екі тізе); ірі буындар зақымдалынады; буынның ауырғаны ауыспалы түрде білінеді; соңыңда буындағы дәріс ізсіз тарқалып кетеді.
Тамырлардың қабынуы ревмоваскулит деп аталады. Әсіресе бас тамырлары қабынады. Сол себептен мидың қөректік дәрісі бұзылады. Пациенттің басы қатты ауырады. Қарағанда: цианоз білінеді. Науқастың мұрыны, еріні, саусақтары көгереді. Дем алуы 20 – 25 рет минутына. Тамыр соғуы минутына 100 – 120 рет. Қан қысымы сәл төмендейді. Жалпы қан анализінде лейкоцитоз, ЭТЖ артады. Биохимия қан анализінде гаммаглобулиндердің мөлшері көбейеді, ақуыз мөлшері азаяды (альбуминдер 30 – 40% дейін азаяды), ревмосынамалар жағымды болады (Дар –Мален қалыпты жағдайда болмау керек). Сиал қышқылдары да көбейеді. Кеуде қуысының рентген суретінде жүрек көлемінің үлкейгені білінеді.
