Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Ревматикалық перикардит

Жедел түрде өтеді – 2 – 7 күн. Екі түрі бар: құрғақ және эксудаттық. Құрғақ түрінде: жүрек маңайы шаншып қатты аурады, ауырсыну сол иығына, сол қолға әсер етеді. Пациент ентігеді, жүрек соғуы жиілейді. Аускультацияда перикардтың үлкейген дыбысы естіледі (қар сықырлағандай дыбыс). Құрғақ перикардит екі – үш аптадан кейін басылады немесе эксудаттық түріне ауысады. Эксудаттық перикардит біртіндеп дамиды. Жүрек тұсы шаншып, қысып ауырады. Дене қызуы көтеріледі. Пациентте ентігу, құсу білінеді. Қарағанда: беті ісініп тұрады, көгеру пайда болады. Мойын көк тамырлары қан мен толып, ісініп кетеді. Жүрек соғуы әлсізденеді, жүрек баяу жұмыс істейді. Жүрек көлемі ұлғаяды. Аускультацияда сары су жиналғанынан жүрек дыбысы жөнді естілмейді. Тамыр соғуы жиі, әлсіз. Қан қысымы төмен. ЭКГ – ның вольтажы төмендейді.

тері ревматизмі

Жалпы уыттану белгілерімен бірге тері үстінде түйінді бөртпе, эритемалар пайда болады; кейде дөңгелек тәрізді, содан кейін басылады. Көбінесе буынның үстінде пайда болады (тізе, шынтақ). Басқанда ауырады. Түйіншіктер терінің үстінде де астында да болуы мүмкін, 1 – 2 аптадан кейін жүйке жүесінің ревматизмі хорея клиникалық белгілерімен сипатталады

Ревматизмнің дерт анықтамасы. 1940 жылы А. А. Кисель ревматизмнің 5 нақты белгілерін көрсеткен:

  • Кардит

  • Полиартрит

  • Хорея

  • Тері астындағы эритема

  • Ревматикалық анамнезі және қосымша белгілерінде айтып шыққан: дене қызуы, терінің бозаруы, мұрыннан қан кету, адинамия.

1960 жылы Нестеров “кардит” мағынасын толтырды: жүрек маңайының ауырсынуы, жүрек жұмысының ырғақтылығының бұзылуы, шудың естілуі, жүрек дыбысының төмендеуі.

Ревматизмнің асқынулары. Жиі кездесетін асқынуларға жүрек ақаулары, созылмалы жүрек жеткіліксіздігі жатады.

Нақтылы диагнозын қойғанда келесі сырқаттармен ажырату керек:

  • ревматикалық емес миокардит

  • тонзилло – кардиалдық синдром

  • реактивтік артрит

  • ревматоидтық артрит

  • созылмалы жұқпа эндокардит

  • тиреотоксикоз

  • жүрек неврозы

Ревматизмнің емі. Ауруханада ғана емделеді. Тыныштықты сақтау тиіс. Ауырған мүшелерге тыныштық берген жөн, осы мақсатпен 5 – 6 апта науқас төсек тәртібін сақтау керек. 10 емдәм, көмірсулардың мөлшерін 25 граммға дейін азайтады. Ал ақуыздың мөлшерін көбейтеді: сүзбе, жұмыртқа беру жөн. Этиологиялық ем қолданады: 2 аптадай пенициллин бұлшық етке егеді. 2 апта өткен соң пациентке бициллин – 3, немесе бициллин – 5 егіледі. Патогенетикалық ем жүргізіледі: аспирин 2 – 3 ай; салициламид 1 – 3 ай; вольтарен 1 – 3 ай; индометацин 1-3 ай; бруфен 0,2 мөлшерде ұзақ уақыт. Ауыр жағдайларда гормон препараттарын қолданады: преднизалон 20 – 40 мг тәулігіне. Әр 7 күнде оны жарты таблеткадан азайтып отыру керек. Келесі гормон препараттарын қолдануға болады: полькортолон, метипред, дексаметазон, метилпреднизалон. Сезімталдыққа қарсы ем қолданылады: 2-3 апта супрастин, тавегил, пипольфен, димедрол және т.б. Сонымен қатар иммунодепрессивтік ем жүргізген жөн: 6 - меркатопурин, лейкеран, делагил 0,25 мг (қанды тексеріп отыру керек). Симптомдық ем: жылы емшаралар (дене қызуы басылған соң), жүрек гликозидтері, аритмияға қарсы ем т.б.

Аурудың алдын алуы. Екі түрі бар:

  • Алғашқы (біріншілік) - әсер ететін ауруларды уақытында емдеу, санация жүргізу.

  • Кейінгі (екіншілік) – ол көктемде және күзде ревматизммен ауыратын пациенттерге 6 аптаның ішінде бициллин – 3, 600 000 ХБ бұлшық етке аптасына 1 рет салып отырады, немесе бициллин – 5, 1 500 000 ХБ айына 1 – 2 рет салады.

Аурудың болжамы. Алғашқы кезде уақытында дұрыс емделсе, жазылып шығады немесе мүгедектікке әкеп соғуы мүмкін.

Бақылау сұрақтары

  1. Ревматизм сырқатына жалпы түсініктеме беріңіз.

  2. “Жұқпа – аллергия” терминің қалай түсінесіз.

  3. Ревматизмнің қоздырғышы және әкеліп соқтыратын мәнбірлері сырқаттың дамуына қалай әсер етеді?

  4. Ревматизмнің жіктелуін айтып шығыңыз.

  5. Ревматизмде буын зақымдануының негізгі ерекшеліктері.

  6. Ауруға нақты дерт анықтамасын өткізу үшін қандай зертханалық тексеріс түрін қолданады?

  7. Ревматизм сырқатының негізгі емдік қағидасы.

  8. Ревматизмде өткізілетін алғашқы және екіншілік алдын алуды қалай түсінуге болады?