Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Тексеру әдістері

Сұрау әдісінің маңызы зор. Бүйрек сырқаттарында науқас бастың ауруына, айналуына, зәр шығу дәрісінің бұзылуына шағым жасайды. Сонымен қатар көз көруі бұзылады, тамаққа тәбеті төмендейді, дене қызуы көтеріледі. Егер науқас ауырсынуға шағым жасаса,онда ауырсынудың қай жерге берілетінін анықтаймыз. Негізінде белдің ауырсынуы зәр шығару жолдарына, жыныс мүшелеріне әсер етеді. Бүйрек сырқаттарында байқалатын ауырсыну бүйрек тостағаншалардың және бүйрек капсуласының созылғанынан пайда болады.Бүйрек шаншуында ауырсыну қатты сезіледі, несеп ағар жолына, қуыққа әсер етеді. Ауру сыртартқысын науқастан сұрап отырғанда алдында болған сырқаттармен сәйкестіре отырған жөн (баспа, іріңді отит т.б.) Сырқаттың бастапқы кезеңін анықтау қиын, өйткені бүйрек аурулары бір мезгіл жасырын өтуі де мүмкін.

Бүйректі тікелей тексеру біршама қиындықтарды туғызады, өйткені

11 Бейнелеме Бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларындағы науқастардың тексерітері

Науқастың шағымдары

  1. Беттің домбығып, ісінуі көбінесе таңертең ұйқыдан кейін

  2. Дизуриялық өзгерітер (зәрдің шығуының, мөлшерінің өзгеруі)

  3. Бел маңайының ауырсынуы, жыныс мүшелеріне әсерін тигізуі

  4. Дене қызуы көтеріліп, улану белгілерінің білнуі

  5. Бастың ауыруы, көз қабілетінің нашарлауы

Ауыру сыртартқысы

  1. Әсер ететін мәнбірлер, ауруға әкеліп соққан себептер

  2. Аурудың басталуы, дамуы, ағым ерекшеліктері

  3. Өткізілген тексерістердің көрсеткіш нәтижелері

  4. Қолданған емнің түрі және ағзаға әсері

Өмір - баян сыртартқысы

  1. Тұқым қуалаушылық

  2. Жағымсыз қылықтары

  3. Мамандығының негізгі ерекшеліктері

  4. Тамақтану сипаттамасы, тұрмыс жағдайы

Науқасты тікелей тексеру

Қарау

Сипалау

Тықылдату

  1. Терінің бозаруы

  2. Ісіктің білінуі

  3. Т рофикалық бұзылыстар

  1. Бүйректерді

  2. Несеп ағар жолының бойымен

  1. Пастернак белгісін анықтау

  2. І сіктік сұйықты анықтау

Зертханалық тексеру

Құрал – жабдық арқылы тексеру

  1. Жалпы қан анализі

  2. Биохимиялық қан анализі

  3. Зәрді тексеру (жалпы зәр анализі, зәрді бактерияларға тексеру, зәрді Нечипоренко және Зимницкий сынамасына тексеру)

  1. Кешенді бүйректің рентгенографиясы

  2. Ультра дыбыспен зерттеу

  3. Урография, хромоцистоскопия

  4. Сканирлау әдісі

  5. Көздің түбін тексеру

көлемі мен пішіні қалыпты, сау бүйректі қарау, сипалау және тықылдату жүргізу мүмкін емес, себебі, бүйрек іш пердесінің қуысында терең орналасқан, артынан қалың бұлшық ет қабатымен жабылған, алдында ішектер орналасқан. Бүйрек ұлғайғанда немесе орнынан ығысқан (бүйректің түсуі) жағдайда ғана ағзаны сипалау мүмкіндігі туады. Науқасты жатқызып және тұрғызып бүйрекке сипалау жүргізеді. Бүйректі сипалау екі қолмен атқарылады. Бүйректің төмен түскенін анықтау үшін науқасты тұрғызып тексерген дұрыс. Өзіндік ұрғылау немесе соққылау әдістері қолданылады (Пастернак белгісі). Зерттеуші адам сол алақаның оң немесе сол бүйрек маңайындағы белге қояды, ал басқа алақанымен немесе саусақтарының ұшымен соның үстінен ұрады. Егер ұрғылағанда ауырсыну байқалса, онда Пастернак белгісін оң нәтижелі деп есептейді. Бүйрек ауруларында артериялдық қан қысымы көтерілуі мүмкін, ол өткір және созылмалы нефритте байқалады. Созылмалы нефриті бар науқастарда гипертензия әсерінен басыңда торлы қабаттың тамырлары кішірейіп, одан кейін тамырлардың склерозы дамиды.

Бұнымен қоса зертханалық және құрал жабдық аппараттары арқылы тексеру өз маңыздылығын осы аурудың дерт анықтамасын нақтылауға үлесін қосады. Зәрде патологиялық қосылыстар болуы мүмкін. Гематурия (құрамында қан), пиурия (зәрде ірің болуы), протеинурия (зәрде ақуыздың) болуы өзгерістер байқалады. Айтылып кеткен өзгерістерді анықтау үшін зәрді зертханалық зерттейді. Зәрді зертханалық тексеріспен тексергенде келесі зәр анализдерінің түрлерін жүргізеді: жалпы зәр анализі, зәрді бактерияларға тексеру, Нечипоренко, Аддис – Каковский, Зимницкий сынамаларын жүргізу және т.б. Бүйрек ауруларын дерт анықтамасында функционалды сынамалар ерекше орын алады. Бүйректің ағзадағы пішіні, оның орналасқан орнын, құрамдық бөгде заттардың болуын рентген сәулесі мен ультра дыбыс зерттеу арқылы анықтайды, ал сүзбе жұмысын тексеру үшін бүйрекке бояу затын жіберіп, сол жіберген бояу заттың шыққан жылдамдық уақыты арқылы анықтайды (урография әдісі). Бүйректің қатерлі ісігін анықтау үшін биопсия тәсілін қолдана отырып, тінді зерттейтін орталыққа жіберіп, анықтайды. Сонымен қатар зәр жолдарын эндоскоп аппараттарымен жиі тексереді: уретроскоппен зәр шығару каналын, ал цистоскоппен қуықты тексереді.