Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

20. Миокард инфарктісі ұстамалы түрде өтеді ме?

а) ия б) жоқ

21. Төменде көрсетілген дәрілердің ішінен антикоагулянт дәрісін

таңдап алыңыз:

а) клофелин ерітіндісі; б) анальгин ерітіндісі;

в) гепарин ерітіндісі; г) нитроглицерин ерітіндісі;

22. Антикоагулянттар дәрілерінің ағзаға әсер ету маңыздылығы:

(нақты әсерін беріңіз)

23. Миокард инфарктісінде дәрігер келгенше көрсетілетін көмек:

а) б) в) г)

24. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігіне әкеліп соғатын ауруларды

атаңыз: а) б) в) г)

25. Созылмалы жүрек жеткілісіздігінің мінездемесі:

а) жүрек бұлшық етінің қабынуы;

б) жүрек жиырылу жұмысының әлсізденуі

в) жүрек бұлшық етінің ишемиясы

г) жүрек бұлшық етінің қозуы

26. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің негізгі емдеу қағидасы:

(нақты өзіне тән қағиданы ғана атаңыз)

27. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде қай емдәмді

тағайындаған жөн: (нақты өзіне тән емдәм түрін атаңыз)

28. Жүрек демікпесін жою үшін кіші қан айналым шеңберін

жақсартамыз ба? а) ия б) жоқ

29. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде зәр жүргізетін дәрілер

қолданғанда көңіл аударатын жай:

а) жүрек соғу жиілігіне; б) демнің көрсеткіш санына;

в) тамыр соғу ырғақтылығына; г) тәулікті диурезге;

30. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігіндегі мейіркеш күтімінің

ерекшелік сапасы: а) б) в) г) д)

Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларына арналған тесттік тапсырмалардың жауаптары

1. Негізінде жүрек – тамыр жүйесінің буындардың және шырышты

қабаттардың дәнекер тінімен зақымдалуымен сипатталатын

созылмалы жұқпа – аллергиялық ауруы.

2. б);

3. эндокардпен миокардтың қабынуы;

4. в);

5. в);

6. іш құрылыс ағзаларының ауруларымен байланыссыз қан қысымының

көтерілуі;

7. б);

8. а) лоқсу, құсу; б) басы ауруы, бас айналуы; в) көздің тұмандануы;

г) жүрек маңайының ауруы; және осымен қоса тағы да басқа жауаптар

болуы мүмкін (ентігу, мұрыннан қан кету);

9.а) физикалық және тыныштық сақтау; б) маңдайына суық қою;

в) желкесіне жылу қою; г) тіл астына клофелин салу; д) қан қысымын

төмендетін дәрілерді дайындау;

10. 1- в) 2 – а) , г) 3 - д)

11.кеуде асты ұстама түрде сыздап, ауырсынатын жүректің ишемиялық

ауруы;

12.а) тіл астына нитроглицерин салу; б) жүрек маңайына қыша қою;

в) қысып тұрған киімін босату, таза ауа жіберу; г) оттегі беру;

13.а) таңертең білінеді; б) беттен басталады; в) тығыз болады; г) түске

қарай қайтады;

14. миға аз уақытта оттегі жеткіліксіздігінен естен тану;

15.ІІ вариант;

16.шетті қан айналымының бұзылуымен сипатталатын өткір тамыр

жеткіліксіздігі;

17. а) ұзыңнан жатқызып, басын төмен қарай түсіру; б) пациентті орап,

жылытқышпен жылыту; в) тәтті жылы шай беру; г) қан қысымын

көтеретін дәрілерді (мезатон, адреналин ерітінділері) дайындау;

18. в);

19. жүректе өлі еттің пайда болуы (некроз);

20. б);

21. в);

22. қанды сұйылтуға әсерін тигізеді;

23. а) толық физикалық және психикалық тыныштық туғызу;

б) тіл астына нитроглицерин беру; в) оттегі беру; г) системаны әзірлеп,

пациентті бақылау;

24. а) кардиосклероз; б) атеросклероз; в) жүрек ақаулары және де тағы да

басқа жауаптар болуы мүмкін;

25. б);

26. жүрек жиырылу жұмысын кұшейту;

27. 10 емдәм;

28. а);

29. г);

30. а) жеке бастың гигиенасын сақтау; б) қан қысымын, тамыр соғуын,

демін бақылап отыру; в) тәулікті диурезді санау; г) сұйық баланысын

санау; д) емдәм тәртібін сақтау және тағы да басқа жауаптар болуы

мүмкін.

V- тарау