Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Аллергоздардағы мейіркеш үдрісі

1 кезең. Пациенттің мәселелерін табу.

Пациенттің нақты мәселелері:

  • әлсіздену, қалшылдау;

  • бастың ауруы, беттің қызаруы;

  • терінің қышынуы;

  • денеге бөртпенің шығуы;

  • мазасыздану;

Пациентте болуы мүмкін мәселелер:

  • жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі;

  • терінің қышынуынан ұйқысының бұзылуы;

  • асқынулардың даму қауіпі;

2 кезең. Мейіркеш диагнозын қою.

Науқастың әртүрлі мәселелері, мысалы: қалшылдау, дене қызуының көтерілуі, әлсіздену, ауыз қуысының құрғауы, терінің қышынуы, өзінің қорғансыздығына қобалжу.

    1. кезең. Күтімді жоспарлау.

Қысқа уақытқа бағыттталған мүмкіншілік мақсаттар:

  • ауырсынуды жеңілдету;

  • терінің қышынуын басу;

  • гигиеналық шаралардың жүргізілуінде көмек көрсету;

  • ұйқыны қалпына келтіру;

Ұзақ уақытқа бағытталған мүмкіншілік мақсаттар:

  • бастың ауырғаны басылады;

  • тері қышуы басылады;

  • дене терісі зақымданбайды;

  • ұйқысы қалпына келеді;

  • пациент аллергоздарда қолданатын емдәм тәртібін біледі;

    1. Кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру.

Мейіркештің араласулары:

  • тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, дерт анықтамалық тексерістерге қатысу;

  • тәуелсіз – күтім шараларын жүргізу, науқастың жағдайын қадағалау;

  • бір – біріне тәуелділік қатынас – науқастың жазылуына психологиялық күйде бағыттау, қолданған емнің әсерлілігін бағалау;

    1. Кезең. Мейіркеш күтімінің нәтижесін бағалау.

Күтім ерекшеліктерін жоспарлап және алға қойған мақсаттарды салыстыру. Бақылау қағаздарын толтыру.

Аллергоздарға арналған тесттік тапсырмалар:

  1. Аллергоздарға келесі аурулар жатады:

а, б, в, г, д;

  1. Аллергиялық серпілісті қоздыратын заттар – ол ................................

  1. Аллергияның өте тез дамитын, ауыр түрде өтетін түрі – ол ..............(дұрыс жауабын беріңіз);

  1. Қан қысымы білінбей, аяқ – қолы тырысып, тамыр соғуы жіп тәрізді болуы аллергиялық жағдайдың қай түрінде байқалады?

  1. Анафилаксиялық шок байқалады:

а) жүрек демікпесінде, б) суық тигенде, в) күйзелісте,

г) дәрі – дәрмектерді қолданғанда, д) миокард инфарктісінде;

  1. Аллергоздар иммундық жүйенің серпілісімен сипатталады:

а) иә б) жоқ

  1. Есек жемге тән негізгі клиникалық белгі - ол:

а) дене қызуының көтерілуі, б) ісіктің білінуі, в) бастың ауыруы,

г) қан қысымының көтерілуі, д) тамаққа тәбетінің тартпауы.

  1. Егер есек жем пенициллиннің әсерінен болса, қандай дәрі бұлшық етке жіберіледі?................................

  1. Квинке ісігінде негізінде ісік білінеді:

а) аяқ – қолында, б) ішінде, в) қолтық астында, г) бетінде.

  1. Квинке ісігінде жіті дем жеткіліксіздігі болуы мүмкін:

а) иә б) жоқ.

  1. Аллергоздарда қан тамырлары қалай зақымдалады? (дұрыс жауабын беріңіз).

  1. Дамуына байланысты аллергиялық серпілістің келесі түрлері болады: а) б)

13. Анафилаксиялық шок аллергоздық серпілістің біртіндеп дамитын түріне жатады: а) иә, б) жоқ

  1. Антигистамин тобына жататын дәрілерді атап шығыңыз:

а) б) в) г) д)

  1. Анафилаксиялық шокта қан қысымы қалай өзгереді? (түсініктемесін беріңіз).

  1. Қан қысымының төмендеуі қалай аталады? (дұрыс жауабын беріңіз).

  1. Қан қысымының көтерілуі қалай аталады? (дұрыс жауабын беріңіз).

  1. Қан қысымын көтеру үшін қай дәрілерді қолдануға болады:

а) б) в) г)

  1. Дезинтоксикациялық ем дегеніміз – ол ................................... (дұрыс жауабын беріңіз).

  1. Сізге таныс гормон препараттарын атап шығыңыз:

а) б) в) г) д)