Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Терапиядағы мейірбике ісі Баймагамбетова К.М..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9 Мб
Скачать
☆

Өкпеқаптың қабынуы (pleuritis)

Плеврит дегеніміз – ол плевра қапшығының қабынуы. Плевра қапшығы ісініп, оның үстіне фибрин талшықтары жиналады немесе плевра қапшықтарының арасына әртүрлі өкпе ауруларының салдарынан болған сұйықтықтар жиналады.

Жіктелуі. Барлық плевриттер себебіне қарай 2 үлкен топқа бөлінеді: жұқпалық (плевраға жұқпаның түсуінен дамиды) және жұқпалы емес, асептикалық түрі (плевра патогенді жұқпаның қатысуынсыз қабынады). Жұқпалы плеврит жиі өкпе қабынуында, туберкулезде кездеседі, ал асептикалық плеврит ісік ауруларында дамиды. Қабынуына байланысты плевриттер құрғақ және экссудатты болады, этиологиялық тегіне байланысты туберкулездік, пневмониялық, ісіктік болып табылады.

Құрғақ плеврит

Этиологиясы. Көбінесе өкпе аурулары әкеліп соқтырады (пневмония, өкпе абсцессі), туберкулез және ревматизм, коллагеноздар туындайды.

Патогенезі. Плевра қабықшалары ісініп, қызарып, қалыңдайды. Олардың бетіне фибрин жіпшелері түзіледі. Дем алғанда плевра қабықшалары бір – біріне үйкеліп, ауырсынуды туғызады, тыныс алу дәрісі бұзылады.

Клиникалық бейнесі. Сырқаттың басты негізгі белгісі ауырсыну болып табылады. Түшкіргенде, жөтелгенде, терең дем алғанда ауырсыну күшейеді. Кеуденің бұлшық еттері мен жүйке талшықтарыда жиі қабынады. Сырқаттың жағдайы нашарлап әлсізденеді, дене қызуы субфебрильді болып көтеріледі, науқас ентігіп қиналады. Науқас кеудесінің қабынған жағын ауырсынуын үдеймеуі үшін төсекке зақымданған қырымен жатады. Дем алғанда кеуденің зақымданған жағы сау жағына қарағанда демнен қалып отырады. Перкуссияда өкпе дыбысы сәл қысқарады, өкпе қозғалысы зақымданған жақта белгілі бір түрде шектелумен болады. Сырқаттың дерт анықтамалық негізгі белгісінің бірі – плевраның үйкелу дыбысының естілуі. Бұл шуыл қатты дем алғанда жақсы естіледі, ауаны жұтқанда да, шығарғанда да анықталынады.

Ағымы. Құрғақ плеврит көбінесе жеңіл түрде өтеді. Кеуденің ауырсынуы орта есеппен 7 – 10 күнге созылады, жалпы тербелуі 2-3 күннен 3 аптаға дейін.

Жалпы қан анализінде: лейкоцитоз білінеді, эритроциттердің тұну жылдамдығы артады. Қан анализіндегі өзгерістер негізінде құрғақ плевритке әкеліп соққан аурумен байланысты.

Дерт анықтамасы. Сырқаттың екі негізгі белгісі нақты түрде анықталғанда диагноз қою жеңілдейді. Кеуде қуысының дем алғанда ауырсынуы және плевраның үйкелгендегі дыбыстың естілуі осы екі негізгі белгілерге жатады.

Болжамы. Құрғақ плевритте болжамы жағымды, дұрыс уақытында ем қолданғанда барлық клиникалық көрінісіндегі белгілер іссіз жоғалады.

Емі. Плевритке әкеліп соқтырған негізгі сырқаттың емі болып табылады ( өкпе қабынуы, өкпе абсцессі, туберкулез, ревматизм), яғни қабыну дәрісін басу үшін антибиотик және сульфаниламид препараттар тобымен қолданады.

Ауырсынуды басу мақсатымен кеуде қуысына қысып тұратын байлам салған дұрыс. Ауырсыну қатты білініп науқас мазасызданғанда жансыздандыру дәрі-дәрмектермен қолданған жөн. Сонымен қатар кеуде қуысының қозғалысын азайтып, жөтелді басу үшін арнайы ем қолданады. Емдік гимнастикасын жүргізген жөн. Плевраның тыртығын алдын – алу үшін демдік жаттықтыру түрлерін жүргізеді.